ПетроKазахстан: Баспасөз хабарламалары : «Жылы өлке» көркемөнер көрмесі туралы
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


«Жылы өлке» көркемөнер көрмесі туралы
18 қараша 2012 ж.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналып,  мәдениет жылында үлкен қауымға бағышталып, «ПетроҚазақстан» компаниясы, Алматы қаласы Медеу ауданының Әкімшілігі және Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұражайымен бірігіп Қазақстан және Орта Азия суретшілер туындыларының «ЖЫЛЫ ӨЛКЕ» атты көрмесін өткізеді.      

Көрме Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекістан мемлекеттерінің бейнелеу өнерінің белгілі бір кесімін көрсетеді, ХХ ғасырдағы 60-80 жж. біртұтас мемлекеттің жағдайында пайда болған реалист суретшілердің туындыларын паш етеді.     

Көрменің негізгі мақсаты - Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан және Орта Азия өнер қайреткерлері, нағыз шеберлер жаратқан жекеменшік жинақтардағы ХХ ғасырдағы бейнелеу өнерінің біртумаларымен таныстыру.   

Өткен ғасырдағы 60-70 жж. Ж.Шарденов, К.Шаяхметов, А.Черкасский, Н.Нурмухамедов, М.Кенбаев, А.Исмаилов, Б.Табиев секілді белгілі суретшілер және тағы басқалар - қазақстандық бейнелеу өнерінің тарихында елеулі рөл атқарды. Көрмеде көрсетілген суретшілердің шығармашылығы отандық заманауи өнерінің іргетасын қалыптастырды. Өнер иелері өз жұмыстарында әлем мен дәуірдің өзіндік әрі мазмұнды пайымдауларын көрсетті, ұлттық тарих пен ұлттық мәдениеттің рухани дәстүрлердің кезеңдерін бейнеледі.            

 

Орта Азияның бейнелеу өнері А.Перов, К.Керимбеков, А.Осмонов секілді Өзбекістан және Қырғызстан елдерінің халық суретшілер туындыларында көрініс тапты.

Алғашқы рет Алматы қаласының қонақтарына бүтін түрдегі соцреализмнің классикалық үлгілерін тамашалауға және өнерлік бейнесі ерекше әлеуетті суреттерді қайта бағалауға мүмкіндік туып отыр. Бұл суреттер бейнелеу өнерінің мамандары мен қадірлеушілерін әлі күнге дейін таң қалдырып отыр.       

    Көрмеде суретшілердің 70 көркем туындылары көрсетіледі.

    Көрме 2012 жылы 6 желтоқсаннан бастап 2013 жылы 8 қаңтарға дейін ҚР Мемлекеттік Орталық Мұражайда, мына мекенжай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Самал-1, 44.



← Жаңалықтар бетіне қайту