ПетроKазахстан: Баспасөз хабарламалары : «ПҚОП» ЖШС-те «Нафтаны изомерлеу қондырғысын салу» жобасы бойынша ЕРС-келісім-шартқа қол қойылды
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


«ПҚОП» ЖШС-те «Нафтаны изомерлеу қондырғысын салу» жобасы бойынша ЕРС-келісім-шартқа қол қойылды
30 қаңтар 2014 ж.

Осы жылдың 30 қаңтар күні «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (паритеттік негізде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және СNPC иеленеді) және қытайлық СРЕСС компаниясы ПҚОП-ты жаңғырту жобасын іс жүзінде ендіру сатысына өту аясында жұмыс құжаттаманы әзiрлеу, құрал-жабдық пен материалдарды сатып алу, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша келісім-шарт (ЕРС-келісім-шарт) жасасты.

 

Нафтаны изомерлеу қондырғысын «ПҚОП» ЖШС-нде салу Қазақстан Республикасының Мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың кешенді жоспарына және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады. Алғашқы iске қосу кешенiн іске асыру шеңберінде жылдық қуаты 600 мың тонна болатын Нафтаны изомерлеу қондырғысын салу жоспарлануда; бұл қондырғы жоғары октанды жанармайды өндіру үдерісін жетілдірудің және өндірісте жаңа технологияларды қолданудың есебінен қоршаған ортаға әсерді азайтуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, 2016 жылға қарай ПҚОП Кедендік Одақтың Техникалық регламенті талаптары бойынша К4 және К5 экологиялық кластарға сәйкес болатын сапалы және қауіпсіз жоғары октанды жанармайды өндіруге көшеді деп күтілуде.

 

- UOP компаниясы-лицензия иесiнің мәлімдеуінше, Шымкент МӨЗ үшін жобаланған изомерлеу қондырғысы жоғары технологиялық және әлемдік стандарттардың соңғы талаптарына сай құрылғы болып табылады. – деп атап өтті «ПҚОП» ЖШС Бірінші Вице-Президенті Асылбек Кәрібаев.

 

Нафтаны изомерлеу қондырғысының құрылысы 2015 жылы аяқталады деп жоспарлануда.



← Жаңалықтар бетіне қайту