Бүгін әлемдік қаржы дағдарысы басқалардың қатарында бизнес пен адамгершілік қарым-қатынасты талқыға салып отырған кезде, Қазақстанда тіпті осындай күрделі жағдайда да өздерінің ұжымдарын сақтап қалуға, өндіріс көлемін азайтпауға, сондай-ақ өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін белсенді түрде атқаруға ұмтылатын компаниялардың бар екенін түсіну бір ғанибет. Бұл жауапкершілік тек қызметкерлер құрамы мен әлеуметтік бағдарламаларға ғана қатысты емес. Табиғи теңгерімді сақтауға көбірек күш салатын компаниялар бар.
Еліміздің мұнай саласының көшбасшыларының бірі – «ПетроҚазақстан» компаниясы биыл ілеспе газды пайдаға жарату бойынша бес жылдық жобаны аяқтайын деп отыр. Компания мұнай өндірумен айналысатын Қызылорда облысында ілеспе газ жағылып келген 200-ден астам алау сөндіріліп те үлгерді. Экологиялық жағынан түйінді мәселелері көп осы аймақ үшін бұл табиғи теңгерімді сақтау жолындағы елеулі көмек.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңына дейін Қазақстанның Қызылорда облысы ауыл шаруашылық аймағы болып саналды: мұнда күріш, көкөніс, бидай өсірілетін. Бірақ бір жолы осы аймақта мұнайдың аса ірі кен орны табылды. Оңтүстік-Торғай ойпаты көмірсутек кені аса мол аймақ болып шықты. Содан бері Қызылорда облысында жаңа кен орындарын барлау ісі үнемі жүргізіліп келеді. Еліміздің мұнай саласының көшбасшыларының бірі – «ПетроҚазақстан» компаниясы биыл ілеспе газды пайдаға жарату бойынша бес жылдық жобаны аяқтайын деп отыр. Біздің еліміздің Киото хаттамасына қосылғаны көпшілікке мәлім, бұл – кен өндіруші компаниялардың қызметін реттейтін, ілеспе газды сығымдау өнімдерінің атмосфераға шығарылатын мөлшерін шектейтін құжат. Табиғаттағы экологиялық теңгерімді сақтау – «ПетроҚазақстан» компаниясының жұмысындағы аса маңызды басымдықтардың бірі.
Бақытжан Исенғалиев, «ПетроҚазақстанның» вице-президенті: «Қазақстанның әкімшілігі осы тұрғыдан алғанда жер қойнауын пайдаланушылар үшін қатаң шарттар қояды, сондықтан ілеспе газды жағу көлемін азайту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қазір Қазақстан аумағында жанып жатқан алаулардың барлығының сөндірілуіне әкеле жатыр. Осы тұрғыдан «ПетроҚазақстан» компаниясын ілеспе газды жағу көлемін азайту бойынша Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушылардың арасындағы көшбасшылардың қатарына жатқызуға болады».
Газды жер қабатына кері айдау жөніндегі жобаны «ПетроҚазақстан» компаниясы Қызылорда аймағында 2004 жылдың алғашқы айларында жүзеге асыра бастады. «Қызылқия», «Арысқұм» и «Майбұлақ» кен орындарында ілеспе газды пайдаға жаратуға мүмкіндік беретін жабдықты құрастыру іске асырылды. «ПетроҚазақстан» компаниясы жағылатын газдың көлемін қысқарту туралы үкіметтің тапсырмасын орындау бойынша Қазақстан Республикасында алғашқылардың бірі болып шаралар қабылдады. 2008 жылдың өзінде-ақ жоба үш кен орнында жүзеге асырыла бастады. «Құмкөл» кен орнында, «Қызылқия» кен орнынан «Арысқұм» кен орнына газ тасымалдау жүйесінде және «Арысқұм» кен орнындағы газды қысыммен айдау жүйесінде газды қотаруға арналған жабдықты құрастыру жұмыстары аяқталды.
Абдолла Әбенов, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының күрделі құрылыс және жобалар бөлімінің директоры: «Біз бүкіл компанияда ілеспе газды пайдаға жарату бойынша үлкен бағдарламаны қабылдадық. Бұл үшін газды пайдаға жарату мақсаттарына 115 млн. доллардан астам қаражат инвестицияланды. Бұл бағдарламаны қоршаған ортаны қорғау министрлігі құптап, энергетика министрлігі бекітті. Сөйтіп, біз оны іске асыруға кірістік».
Соңғы бес жыл ішінде «ПетроҚазақстан» компаниясы ілеспе газды жинау, тасымалдау және кері айдау бойынша бірқатар ірі жобаларды іске асырды. Бағдарламаның іске асырылуы үстіміздегі жылдың соңына қарай компанияның кен орындарындағы ілеспе газды 100% пайдаға жаратуды қамтамасыз етуге жағдай жасайды деп күтілуде.
Фан Цзячжун, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының өндіріс жөніндегі вице-президенті: «Газды жер қабатына кері айдау бойынша осы жобаны іске асырудан біз қосарлы, яғни, экологиялық әрі экономикалық нәтиже күтіп отырмыз. Экологиялық нәтижелері: «ПетроҚазақстан» газды бұдан былай алауларда жақпайтын болады, бұл, демек, біз операциялық қызмет жүргізетін аймақта табиғи теңгерім сақталады деген сөз. Атмосфераға зиянды заттардың шығарылуы іс жүзінде нөлге тең болатындықтан, экономикалық нәтижесі: біз бұл газды жер астында сақтап, келешек ұрпаққа оны болашақта пайдалану мүмкіндігін сыйлаймыз».
«ПетроҚазақстан» компаниясы 2004 жылы Құмкөл кен орнында газды пайдаға жарататын және электр қуатын өндіретін, қуаттылығы 55 мегаватт зауытты іске пайдалануға енгізді. Зауыт жыл сайын Құмкөл, Оңтүстік Құмкөл және Солтүстік Құмкөл кен орындарынан алынған 177 млн текше метр ілеспе газды пайдаға жаратады. Компания Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Арысқұм кен орнында компрессиялық қондырғыны іске пайдалануға енгізді, оның көмегімен кен орнын консервациялап, қажетті қаттық қысымды ұстап тұру үшін кен орнындағы газ қалпағына газды кері айдау жүзеге асырылады. Ілеспе газды пайдаға жарату жөніндегі жоба «ПетроҚазақстан» компаниясына Қызылорда облысындағы 200-ден астам алауды сөндіруге мүмкіндік береді. Ілеспе газ қазір газ электр станцияларының жұмысына ішінара жұмсалуда, жаңа қуаттылықтар пайда болып, қолданыла бастағаннан бері жер қабатына газды көбірек айдау мүмкіндігі де пайда болды. 2005 жылы Қызылорда қаласын газдандыру бойынша жобаның шеңберінде «ПетроҚазақстан» компаниясы Қызылордада газ үлестіру желілері мен газ үлестіру қондырғысының құрылысын салу үшін облыстық әкімшілікке 12 млн АҚШ долларын тікелей берді.
Абдолла Әбенов, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының күрделі құрылыс және жобалар бөлімінің директоры: «Біздің компания Торғай ауданының маңайында үлкен барлау жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескереді. Біз газды пайдаға жарату бойынша өндірістік қуаттылықтар инфрақұрылымын жасаған кезде, егер болашақта осы аймақта жаңа кен орындары пайда болса, компания газды пайдаға жаратуға азырақ шығын жұмсап кірісе алуы үшін, инфрақұрылымды артығымен жасағанды жөн көрдік. Сондықтан, егер компанияда Досжан, Көлжан кен орындарына жапсарлас жаңа түйістер пайда болса, Арысқұм кен орнында жасалған өндірістік қуаттылықтарымыз біздің оларды өндірістік қуаттылықтарда пайдаға жарата алуымызға мүмкіндік береді деп бүгін біз батыл айта аламыз».
Шайхислам Ноғаев, Арал-Сырдария аудандық экология департаментінің бастығы: «Мына диаграмма біздің, біздің мұнайшыларымыздың газды пайдаға жарату мәселелеріне қаншалықты маңыз беретінімізді көрсетеді. Бұл бақылау цифрлары бойынша 2010 жылы газды жағу көлемі нөлге теңеледі. Газ «Мұнай туралы» Заңға сәйкес жағылатын болады. Сынамалық іске пайдалану сатысында. Және ішінара тәжірибелік-өнеркәсіптік қазбалау кезінде».
Газды пайдаға жарату бойынша жобаның негізінде оны кен орнының Юра және Бор дәуірлерінің горизонттарынан жоғары орналасқан газ қалпағына айдау тәсілі жатыр. Пайдаға жарату бағдарламасы бірқатар экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, атмосфераға газдың шығарылуына және мұнайдың ұсақ бөлшектерінің буланып ұшуына жол берілмейді, мұнайдың төгілуі мен топырақтың ластану ықтималдығы азаяды, өндірістің өртке қарсы қауіпсіздігі айтарлықтай жақсарады. Жақын келешекте «ПетроҚазақстан» компаниясы аймақтағы жаңа кен орындарында мұнай өндіру ісін бастауды жоспарлап отыр, сондықтан, ілеспе газды пайдаға жарату жөніндегі бүкіл инфрақұрылымды жасай отырып, компания оның көлемін есептеп шығарды. Сондықтан «ПетроҚазақстан» компаниясының жаңа алаулары Қызылорда аймағында жағылмайтын болады.
/Антон Федоров, Рахат ТВ/