ресми сайт

Мұраты мен мақсаттары

Біз үлгілі корпоративтік азамат болуға, өзіміздің акционерлеріміз бен Қазақстан Республикасының құндылығына айналуға, қызметкерлеріміздің денсаулығын қорғауды және олардың еңбек қауіпсіздігін, сондай-ақ қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтыламыз.
Компания басқаруының және компания қызметінің тиімділігін үздіксіз арттыра отырып, жұмыскерлердің көшбасшылық қасиеттерін ынталандырып және біліктілігін дамыта отырып, компания өз акционерлерінің тәжірибедегі, білімдегі, инновациялардағы, технологиялар мен басқарудағы артықшылықтарын пайдалану арқылы даму әлеуетін толық іске асыруға ниет білдіруде.
ПетроҚазақстанның жуықтағы жылдарға арналған корпоративтік стратегиясы мұнай өндіру деңгейін сақтауға, көмірсутектердің жаңа қорларын арттырып, оның өндірілуін қосымша қорлармен толтыруға, өңдеу тереңдігін ұлғайту арқылы шығарылатын ашық түсті мұнай өнімдерінің шығарылуын көбейтуге, сондай-ақ өндіріс қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге негізделеді.
Менеджмент пен бизнесті жүргізу саласында ПетроҚазақстан барлық мүдделі тараптар: үкімет, акционерлік компаниялар, оның қызметкерлері, мердігерлері, іскерлік серіктестері мен жергілікті халық арасындағы қарым-қатынасты үйлестіруге талпынады. Компанияның табысты болуы бизнес жүргізудің халықаралық стандарттарының, Қазақстан Республикасында қолданылатын ережелер мен рәсімдердің, аймақтық ерекшеліктердің, сондай-ақ «ҚМГ» ҰҚ» АҚ және CNPC акционер-компаниялардың технологиялары мен инновацияларының үйлесуіне негізделген.

Өз қызметін жүргізу кезінде «ПетроҚазақстан» компаниясы келесі қағидаларды ұстанады:

Жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау

Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау стандарттарын компанияның қызметіне енгізу

Компанияның, жергілікті халықтың және Қазақстан Республикасының тұрақты даму қағидаларына бейілділік

Өз жұмысын орындау кезінде компания келесі міндеттемелерді алады:

Тиісті мемлекеттік және өңірлік заңдар мен компанияның реттеуші құжаттарын, саясаттарын, рәсімдерін және стандарттарын сақтау;
Мұнай өнеркәсібіндегі үздік халықаралық тәжірибені іс жүзінде қолдану;
Компания қызметімен байланысты ластануларды тиімді түрде болдырмау және қоршаған ортаға тигізетін әсерін бақылап тұру;
Жұмыскерлердің, мердігерлердің және халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне төнетін әлеуетті қауіп-қатерлерді анықтау, жою немесе бақылау;
ҚЕҚОҚ жөніндегі басқару жүйесі мен көрсеткіштерін үнемі жетілдіру

Осы саясат ПетроҚазақстан компаниясының барлық қызметіне қатысты қолданылады. Компанияның әрбір жұмыскері және компанияға қызмет көрсететін мердігер ұйымдардың қызметкерлер құрамы жоғарыда аталған міндеттемелерге сәйкес жұмыс жүргізу үшін жауапты болады.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz