ресми сайт
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
«ПетроҚазақстан» – бұл акционерлері «Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясы» және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ* болып табылатын мұнай тобы. «ПетроҚазақстан» компаниясының қызмет аясына: геологиялық барлау, кен орындарын өңдеу, мұнай мен газды өндіру, маркетинг және тасымалдау, сондай-ақ кен орындарын сатып алу, мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу және оларды сату кіреді.
«ПетроҚазақстан» компаниялар тобының өндірістік құрылымының негізін екі бөлімше құрайды: «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ («ПҚҚР») және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП). Қызылорда облысында орналасқан «ПҚҚР» АҚ мұнай өндірумен айналысады. Түркістан облысының Шымкент қаласында орналасқан «ПҚОП» ЖШС мұнайдың қайта өңделуімен айналысады.
*жанама түрде
«ПетроҚазақстан» компаниясының қызмет аясына мыналар кіреді
геологиялық барлау
![](https://petrokazakhstan.kz/wp-content/uploads/2023/06/mine.png)
кен орындарын өңдеу
![](https://petrokazakhstan.kz/wp-content/uploads/2023/06/oil-pump.png)
мұнай мен газды өндіру
![](https://petrokazakhstan.kz/wp-content/uploads/2023/06/train.png)
маркетинг және тасымалдау
![](https://petrokazakhstan.kz/wp-content/uploads/2023/06/agreement.png)
кен орындарын сатып алу
![](https://petrokazakhstan.kz/wp-content/uploads/2023/06/discount.png)
мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу және оларды сату
Сондай-ақ, «ПетроҚазақстан» компаниясы қызметін Оңтүстік Торғай мұнайлы алабында жүзеге асыратын екі бірлескен кәсіпорындағы 50%-дық үлесті иеленеді. Компанияның «Қазгермұнай» БК» ЖШС-дегі серіктесі – «ҚазМұнайГаз ҰK» АҚ, ал «Торғай Петролеум» АҚ-дағы серіктесі – «KVK – Petroleum» ЖШС болып табылады.
«ПетроҚазақстан» компаниясының бизнесі – бұл мұнайды геологиялық барлау мен өңдеуден бастап, оны жоғары сапалы мұнай өнімдеріне қайта өңдеуге дейінгі біртұтас технологиялық тізбегі және маркетинг пен тасымалдаудың дамыған жүйесі.