ресми сайт

Еңбек ресурстары

«ПетроҚазақстан» – өзі жұмыс істейтін аймақтардағы аса ірі жұмыс беруші. 2010 жылы компанияның қызметкерлер құрамының жалпы саны 3453 адам болды, олардың 95% – жергілікті қызметкерлер.
Компания қызметкерлерді оқыту мен білімін жоғарылату ісін өзінің басымдықтарының бірі ретінде қарастырады. Оқыту стратегиясы компанияның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерін іске асыруға және қолдауға бағытталған. «ПетроҚазақстан» компаниясының бұл саладағы серіктестері қазақстандық және шетелдік жетекші университеттері, институттары мен тренингілік орталықтары болып табылады.
«ПетроҚазақстан» компаниясында сондай-ақ «Қызметкерлердің жұмысын бағалау бағдарламасы» қолданылады, оның мақсаты компанияның әр жұмыскерінің әлеуетін бағалау, осындай әлеуетті іс жүзіне асыру үшін қажетті тренинг бағдарламаларын айқындау мен өткізу болып табылады.
«ПетроҚазақстан» компаниясының басшылығы еңбек саласында ҚР заңнамасын толық орындауды, сондай-ақ Ұжымдық шарттың барлық талаптарын орындауды алдына мақсат етіп қояды. Бұған жылдық демалыстарды заңнамамен белгіленген нормалардан асырып беру; зенет демасылына шыққан кездегі төлемақылар; жерлеуге жұмсалған шығындарды төлеу, соның ішінде қосымша демалыс беру; жүктілік және босану бойынша заңмен белгіленген нормалардан асатын төлемақылар; профилактикалық-сауықтыру мекемелеріне жолдамалар беру; мәдени-спорттық шаралар өткізу; мейрамдар қарсаңындағы сыйлықақылар; мерейтойларға байланысты сыйлықақылар, сондай-ақ көлікпен қамтамасыз ету кіреді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz