/**/

Шымкент мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуді мерзімінен бұрын аяқтады

«ПетроҚазақстан» компаниясы Шымкент мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеу ісін мерзімінен бұрын аяқтады. Үстіміздегі жылғы 17 қарашадан бастап қайта өңдеуге мұнай қабылдау басталды, ал 18 қарашадан бастап мұнайды алғашқы айыру қондырғысы іске қосылды.  Қалған өндірістік қондырғылар технологиялық талаптарға сәйкес кезегімен біртіндеп іске қосылатын болады.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің басшылығы, инженерлік-техникалық қызметкерлері және бүкіл еңбек ұжымы Қазақстан халқының алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін түсіне отырып, аймақтарды жанар-жағар материалдармен қамтамасыз етуге байланысты күрделі жағдайды түзету үшін барлық күш-қуатын салуда.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz