/**/

«Балаларға Өмір Сыйла» қайырымдылық акциясының аясында жаңа жыл алдындағы есеп беру пресс-конференциясы

2009 жылғы 22 желтоқсанда «Мейірімділіктің Ерікті Қоғамы» Қоғамдық Қорының  «Балаларға Өмір Сыйла» қайырымдылық акциясының аясында жаңа жыл алдындағы есеп беру пресс-конференциясы өтті. Пресс-конференция Томск қаласының кардиологиялық ҒЗИ жетекші дәрігерлерінің қазақстандық балаларға тегін кеңес беруі үшін келуіне орайластырылды.

Томск дәрігерлерінің қайырымдылық мақсаты «Барлық балалардың жүрегі бірдей» ұранымен өтуде. Кеңес беру барысында дәрігерлер 150-дей баланы қарап шығады, олардың ішіндегі 50 бала Томск қаласының кардиологиялық ҒЗИ операциядан кейін.

Көптеген адамдардың көмегінің арқасында, соның ішінде «ПетроКазахстан» компаниясының қызметкерлерімен Қазақстанның барлық аймағындағы 165 балаға көмек көрсетілді. Жиналған қаражат және төленген операциялардың барлық сомасы, жеке демеушілердің ата-аналардың қорына тікелей аударылған, сондай-ақ шетел дәрігерлерінің Қазақстанда жасаған операцияларының қаражаттарын есепке алмағанда,  960 000 АҚШ долларын құрады.

«ПетроКазахстан» компаниясы қордың жұмысына  қолдау көрсетуі алғашқы рет емес, ал оның қызметкерлері оның көптеген акцияларына соның ішінде «Балаларға Өмір Сыйла» акциясына белсенді түрде қатысуда.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz