Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңа өндірістік нысан – жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы іске қосылды. Қондырғыны пайдалануға қосу барысында жаңа өнімнің алғашқы тәжірибелік партиясы – сұйық күкірт алынды. Бұл жоба Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау жобасы аясында іске асырылды. Жаңа қондырғыны іске қосу кезінде табиғат қорғау бағдарламасы бойынша
атмосфера мен жер қабатына зиянды заттардың тасталуын болдырмайтын барлық бекітілген экологиялық талаптар сақталды. Қондырғыны іске қосқаннан кейін зауытта 27 жаңа жұмыс орны пайда болды. Күкірт халық шаруашылығында кеңінен қолданылатын, сұранысқа ие өнім. Ол тұз, этан, ортофосфор, азот және т.б. қышқылдарды, азот және фосфор тыңайтқыштарын, сондай-ақ пластмасса, қағаз, құрылыс материалдарын, маталар, лак және бояу өнімдерін, жуғыш заттар шығару үшін қажет. Күкірт мұнай мен мұнай өнімдерін, коксхимиялық өндіріс өнімдерін (бензол мен толуолды) зиянды заттардан тазалау процесінде, металдарды бояу алдында олардың бетін тазалау процесінде қолданылады. Күкірт қышқылы ерітіндісін қышқылды аккумуляторларда электролит ретінде пайдаланады.
Интерфакс-Казахстан