/**/

«ПЕТРОҚАЗАҚСТАН» НАУРЫЗДЫ ҚАРСЫ АЛУДА

«ПЕТРОҚАЗАҚСТАН» НАУРЫЗДЫ ҚАРСЫ АЛУДА


Наурыз – бұл шуақты көктемнің келуін, табиғаттың жасанып-түлеуін, жаңа өмірдің басталуын бейнелейтін көп ұлтты Қазақ елінің ең айшықты әрі сүйікті мейрамдарының бірі. Бұл күні күллі еліміз Наурызды шат-шадыман көңіл күйде қарсы алады. Осы қуанышты оқиғадан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы биыл да шет қалмады. Екі кеніште – Құмкөл мен Арысқұмда, бас офисте «ПҚҚР» АҚ-ның мұнайшы қауымы Наурыз мерекесін тойлады. 

Арысқұмдағы Наурыз-думан

19 наурыз күні Арысқұм кенішінің мұнайшылары жарқын мереке Наурызды қарсы алды. Олар Қажымұқан атындағы спорт кешенінде мейрамның өзіне тән ерекшелігі – наурыз көже мен тәтті тағамдар қойылған мол дастарқан жайды. Іс-шараның салтанатты бөлімі басталар алдында төмендегідей спорттық жарыстар болып өтті, мәселен: гір көтеру, қол күрестіру, ләңгі тебу, арқан тарту.

Спорттық жарыстарда жүлделі орынды жеңіп алғандар:
Арқан тарту бойынша: он команданың арасынан жүлделі орындарды мына командалар өзара бөлісті: 1-ші орын – Ұңғымаларды күрделі және жер астында жөндеу цехы (ПҚҚР), 2-ші орын – Газды пайдаға жарату цехы (ПҚҚР), 3-ші орын – Мұнай дайындау және айдау цехы (ПҚҚР).
Қол күрестіру бойынша: Қол сайысындағы 10 қатысушының ішінен 1-ші орынды мердігер ұйым “CNEC” ЖШС-нің қызметкері Зинандинов Даурен жеңіп алса, 2-ші орынға ТЖМ мердігер ұйымының қызметкері Ережепбаев Әділхан жайғасты, 3-ші жүлделі орын Қызылқия кенішіндегі Газды пайдаға жарату цехының іштен жану қозғалтқыштарының машинисі Ермекешов Бақытқа бұйырды.
Салмағы 24 кг гір тасын көтеру бойынша: 1-ші орын – Төреқожаев Дәурен, мердігер ұйым «Бастау» ЖШС-нің қызметкері (60 рет), 2-ші орын – Жүнісов Фархад, Арысқұм кенішінің 4-ші разрядты мұнай және газ өндіру операторы (22 рет); 3-ші орын – Есенжолов Мақсұтбек, Арысқұм кенішінің 6-шы разрядты компрессор қондырғыларының машинисі (20 рет) және Омықов Қамбар, мердігер ұйым «Нұрсат Бауыр» ЖШС-нің қызметкері (20 рет).
Ләңгі тебу ойыны бойынша: 1-ші орын – Омықов Қамбар, мердігер ұйым «Нұрсат Бауыр» ЖШС-нің қызметкері (26 рет), 2-ші орын – Нұртазаев Сәбит, Қызылқия кенішінің электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері (18 рет), 3-ші орын – Жалмұратов Болат, мердігер ұйым “CNEC” ЖШС-нің қызметкері (7 рет).

             
                                                           
Мейрамның салтанатты шарасы күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Тілеуберген Шаутайдың құттықтау лебізінен басталды, ол жерімізге төрлетіп келіп жатқан жаңа жылда мұнайшыларға бақыт, денсаулық, еңбек табыстарын тіледі. Тілеуберген Шаутай спорттық жарыстардың жеңімпаздарына салтанатты жағдайда естелік сыйлықтар тапсырды.


Мерекелік іс-шараның аясында «Домбыра Party» конкурсы өткізілді. Оған қатысқан бес қатысушы да өз шеберліктерін көпшілікке паш етіп, домбыраның сүйемелдеуімен әсем әндер орындады. Көрермендер ду қол шапалақтай отырып, өз әріптестеріне қолдау білдіріп көтермеледі және бабаларымыздың көнеден келе жатқан сүйікті халық аспабының сиқырлы сазын тыңдап бір рахаттанып қалды. Конкурстың қорытындысы бойынша бірінші орынға Қызылқия кенішінің өрт қауіпсіздігі бөлімінің қарауыл бастығы Шалабаев Ербол ие болды, екінші орынды мердігер ұйым КНС қызметкері Мәселеева Жанар мен мердігер ұйым “CNEC” ЖШС-нің қызметкері Алдабергенов Бауыржан өзара бөлісті, үшінші орынға Арысқұм кенішінің газды пайдаға жарату цехының машинисі Көпжасаров Шархан мен Арысқұм кенішінің қолдау қызметінің маманы Нұрқожаев Ғабит жайғасты.

   
Мұнайшылар үшін нағыз сыйлық белгілі эстрада әншісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлнұр Оразымбетованың өнер көрсетуі болды десек құп жарасар еді. Жүргізуші Баян Бектұрғанова мен «Сырғалым» мерекелік іс-шаралар орталығы әріптестерді, сол сияқты қатысып отырған меймандарды ойын-сауықтық конкурстармен және би бағдарламасымен көңілдерін көтеріп, шаттандырып тастады. 

Көктем мерекесін Құмкөлде атап өтті

Құмкөлдіктер де бүкілхалықтық думаннан тыс қалған жоқ.  20 наурыз күні вахталық поселкенің клубы алдында ақшаңқан киіз үй тігіліп, спорттық бағдарлама әзірленді. Киіз үймен қатарласа үстіне дәстүрлі тағамдар қойылған дастарқандар көпшілікке арналып жайылды.
Бұдан соң іс-шара гір көтеру, қол күрестіру, арқан тарту спорттық жарыстарымен, «аударыспақ» және «ләңгі тебу» ойындарымен жалғасты. Жүлделі орындарға мыналар ие болды:
Салмағы 24 кг гір тасын көтеру бойынша: 1-ші орын – Сәрсенбаев Аян, мердігер ұйым «Мобил Групп» ЖШС-нің қызметкері (45 рет), 2-ші орын – Төлеген Мейіржан, мердігер ұйымның қызметкері (28 рет), 3-ші орын – Теңізбай Руслан, мердігер ұйымның қызметкері (25 рет).
Қол күрестіру бойынша: 1-ші орын – Төлеген Мейіржан, мердігер ұйымның қызметкері, 2-ші орын – Жиенбаев Дәурен, Құмкөл кенішінің мұнай және газ өндіру жөніндегі 3-ші разрядты операторы, 3-ші орын – Бесанов Бердалы, мердігер ұйымның қызметкері.
Аударыспақ бойынша: 1-ші орын – Бегәлиев Бекзат, мердігер ұйымның қызметкері, 2-ші орын – Сәрсенбаев Аян, мердігер ұйымның қызметкері, 3-ші орын – Жайық, мердігер ұйымның қызметкері.
Арқан тарту бойынша: 1-ші орын – Өндіру технологиясы командасы, 2-ші орын – «Шығыс Халықаралық Мұнай Техникасы» мердігер ұйымының командасы, 3-ші орын –мердігер ұйым “CNEC” ЖШС-нің командасы.
Ләңгі тебу ойыны бойынша: 1-ші орын – Боранбаев Қылышбек, мердігер ұйымның қызметкері (18 рет), 2-ші орын – Қожағұлов Бақыт, мердігер ұйымның қызметкері (15 рет), 3-ші орын – Темірбек Бақыт, мердігер ұйымның қызметкері (14 рет).

Бағдарламаның салтанатты мерекелік бөлімі спорттық жарыстардан кейін клубта одан әрі жалғасты.  «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Цинь Хунвэй мырза ұжымды көктем мейрамы Наурызбен құттықтады. «Компания Наурызды жұмыстың барлық учаскелерінде компанияның игілігі үшін еселі еңбек етіп жатқан күллі ұжымның ауызбірлікті жұмысының арқасында тәуір өндірістік көрсеткіштермен қарсы алып отыр, былтырғы жылы өнім өндіру жоспары ойдағыдай орындалды. Енді біздің алдымызда алдағы күнге межеленген геологиялық барлау жұмыстарының және ПетроҚазақстанның жаңа активтерінің өсімі есебінен компанияның ресурстық базасын жүйелі түрде толықтыру бойынша атқарылуы тиіс жаңа міндеттер тұр. Жарқын мереке  Наурыз бірліктің, татулықтың, мейірім мен бақыттың мейрамы болып табылады. Сіздерге денсаулық, сәттілік және отбасылық береке тілеймін», – деп атап өтті өз құттықтау лебізінде Цинь Хунвэй.

Бұдан кейін «Домбыра Party» конкурсы болып өтті, оған «ПҚҚР» АҚ мен мердігер ұйымдар бөлімшелерінің төрт қызметкері қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша 1-ші орынды мердігер ұйым «САС» ЖШС-нің қызметкері Тұрмағанбетова  Нұргүл жеңіп алды; 1-ші орында – Мұратбаев  Ғани, мердігер ұйым «ESS  int» ЖШС-нің қызметкері, 3-ші орынды Құмкөл кенішінің 3-ші разрядты химиялық талдау зертханашысы Жәңгіров  Исахан мен мердігер ұйым «САС» ЖШС-нің қызметкері Айшаубекова  Гүлмира екеуара бөлісті.


Концерттік бағдарламаға жиналған көрермендер белгілі әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлнұр Оразымбетованың, сондай-ақ әнші Баян Бектұрғанованың, «Самұрық» би тобының сан қырлы өнерлерін тамашалады.

   Наурызды Қызылорда қаласындағы офисте тойлау

Наурыз айының 20-шы жұлдызында «ПетроҚазақстан» спорт кешенінде компанияның қалалық қызметкерлері үшін Наурызды мейрамдау шарасы болып өтті.  Мол етіп жайылған дастарқан үстінде: Наурыз көже, палау, салаттар, бауырсақтар, күлшелер, тәттілер мен басқа да дәмдердің алуан түрлері толып тұрды.


«ПҚҚР» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Цинь Хунвэй мен Кәсіподақ Комитетінің Төрағасы Елеусін Дүйсенов Наурыз мерекесіне арнап өздерінің құттықтау лебіздерін білдірді.


 
Мерекелік бағдарламаны біздің әріптестеріміз Орынбасар Абдулаев пен Айжан Толыбекова жүргізіп тұрды. Іс-шараның шеңберінде мейрамға арнайы киіп келген үздік үлгідегі ұлттық нақышпен өрнектелген киімдері үшін «Көлжан» ЖШС-нің аудармашысы Анар Қапанова; салық бөлімі бастығының орынбасары Роза Бәкішева; өндіру технологиясы жөніндегі инженер Нұржамал Төребаева; ҚАМ-МДАЦ-Арысқұм құбыр желісінің менеджері Нұрлан Құдабеков; аға аудармашы Батырбек Медетбаев пен «Көлжан» ЖШС-нің ҚТ және ҚОҚ жөніндегі менеджері Ерлан Ибраев естелік сыйлықтармен марапатталды.


                                                     
Жалпықалалық  мерекелеу

22 наурыз күні Орталық алаңда облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Наурызды тойлауға арналған салтанатты іс-шаралар болып өтті. Облыстық басқармалар, ірі компаниялар, банктік құрылымдар және өзге де мекемелер іші мерекелік тағамдарға толы дастарқанмен жайнап тұрған киіз үйлер тігіп, қалың жұртшылық тамашалаған музыкалық ойын-сауық, мерекелік қойылымдар ұйымдастырды.

   
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы әр жыл сайын осы бір айтулы жалпықалалық іс-шараға белсене атсалысып келеді. Облыстың қадірменді қоғам қайраткерлері мен ардагерлері Сәнімкүл Желдербаева, Гүлжамал Уәлиева, Несіп Айдосова, Аягөз Тоқмағамбетова, мұнай саласының бүгіндегі байырғы өкілдері Есқожа Бергенбаев, Жалғас Нағманов, Айкүміс Рамбердиева, Болған Бейімбетова және мерекенің өзге де меймандары киіз үйге шақырылды.        
Барлық ықылас білдірушілер наурыз көжеден, палаудан, еттен және тәтті тағамдардан ауыз тиді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz