/**/

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мұнай өңдеу көлемін ұлғайту жөніндегі хабарлама

Еліміздің ішкі нарығында дизель отынының жетіспеушілігіне байланысты орын алып отырған жағдайды ескере отырып, ҚР Энергетика министрлігінен және «ҚМГ» ҰК Акционерлік қоғамынан нарықтағы жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін қазан айында мұнай өңдеу көлемін ұлғайту жөнінде тапсырма алынған болатын. Осыған байланысты мұнай өңдеу көлемі 478 мың тоннадан 512 мың тоннаға көбейтіледі. Тиісінше 161 мың тонна дизель отыны шығарылатын болады, ал жоспар бойынша қазан айында 149 мың тонна дизель отынын өндіру көзделген, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30 мың тоннаға артық. Тәулігіне 5 200 тонна дизель отыны шығарылатын болады. 

6 қазаннан бастап «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 013) және МЕСТ-32511 мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес келетін ДТ-Е-К4 маркалы маусымаралық дизель отынын шығаруды бастайды. 

«ПҚОП» ЖШС алыс-беріс схемасы (процессинг) бойынша жұмыс істейтінін және тиісінше тек мұнай өңдеу қызметін көрсететінін хабарлаймыз. 

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz