2017 ж. 22 мамырдағы № 101/2 шешім.
1. Қоғамның директорлар кеңесінің шешімі назарға алынсын, 2017 жылғы 22 мамырдағы № 21/2 хаттама.
2. Қоғамның 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы аудиттелген қаржылық есебі осы шешімнің 1-қосымшасына және Заңның 76.4-бабының талапына сәйкес бекітілсін, “Казахстанская правда” газетіне жариялансын.
3. Қоғамның өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасын бөлу тәртібін және Қоғамның бір жай акциясына есептегендегі дивидендтің 2016 жылғы мөлшерін бекіту мәселелері ағымдағы жылдың соңына дейін неғұрлым кейінірек мерзімге қалдырылсын.
4. Қоғам акционерлерінің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгінуі және осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес оларды 2016 жылы қарау нәтижелері туралы ақпарат назарға алынсын.
5. Қоғамның 2017 жылғы аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде 2006 жылы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі берген №0000021 мемлекеттік лицензиясы бар «КПМГ Аудит» ЖШС тағайындалсын.
6. Қоғамның директорлар кеңесі мен басқарма мүшелеріне 2016 жылға сыйақылар төленбесін.
7. Қоғамның 3 адамнан құралған есеп комиссиясы Қоғам акционерлерінің келесі жылдық жалпы жиналысында есеп комиссиясы сайланғанға дейін 1 (бір) жылға өкілеттік мерзімімен мына құрамда сайлансын:
1) Москвин Анатолий Михайлович мырза;
2) Распопина Ирина Викторовна ханым;
3) Чернова Наталья Николаевна ханым.