/**/

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:

«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесі Қоғамның жасалуында мүдделілік бар мәмілелер жасасуы, атап айтқанда:

1. Қоғамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудит жүргізілген, 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы қаржылық есебін бекіту, оны түпкілікті бекіту үшін Заңның 35.4-бабына сәйкес Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жеке-дара шешімдер қабылдауға құқылы Қоғамның акционеріне, дауыс беретін барлық акцияларының иесіне ұсыну;

2. Заңның 35.4-бабына сәйкес Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жеке-дара шешімдер қабылдауға құқылы Қоғамның акционеріне, дауыс беретін барлық акцияларының иесіне: Қоғамның өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасын бөлу тәртібін және Қоғамның бір жай акциясына есептегендегі дивидендтің 2016 жылғы мөлшерін бекіту мәселелерін ағымдағы жылдың соңына дейін неғұрлым кейінірек мерзімге қалдыруды ұсыну туралы шешім қабылдады, 2017 жылғы 22 мамырдағы № 21/2 хаттама.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz