/**/

«ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған «ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына қатысты мәселелер бойынша шешім туралы ақпарат:

2018 жылғы 30 наурыздағы № 109/3 шешім.  


1. Қоғамның уәкілетті өкілінің Қоғамның атынан “ҚГМ” БК” ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысында (бұдан әрі – “Жиналыс”) дауыс беруіне негіз болатын шешімдер бекітілсін:
1.1. ҚГМ БК қатысушыларының 2015 жылғы 04 маусымдағы кезектен тыс жалпы жиналысының №2015-05 сырттай шешімімен бұрын сайланған ҚГМ БК басқарма мүшесі, бас директоры Жэнь Лисинь мырзаның (Қоғам өкілі) өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабының 1-тармағына сәйкес (еңбек шартының тараптардың келісімі бойынша бұзылуы) Тянь Кэцзянь мырзаны Серіктестіктің бас директоры лауазымына тарту үшін ҚГМ БК-ға Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттың күшіне енген күнінен бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
1.2. Тянь Кэцзянь мырза (Қоғам өкілі) ҚГМ БК-ға Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттың / Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруға берілген визаның күшіне енген және еңбек шартының жасалған күнінен бастап 2018 жылғы 05 маусымды қоса алған күнге дейін ҚГМ БК басқармасының ағымдағы құрамының өкілеттік мерзіміне ҚГМ БК басқарма төрағасы – бас директоры болып сайлансын.
2. Қоғамның уәкілетті өкіліне қабылданған шешімге сәйкес алдағы уақытта бетпе-бет немесе сырттай нысанда өткізілетін жиналыста дауыс беру тапсырылсын.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz