Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлерге және инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:
«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесі Қоғамның жасалуында мүдделілік бар мәмілелер, атап айтқанда:
1) Қоғам мен «CNLC International Kazakhstan Inc. (КНЛК Интернэшнл Қазақстан Инк.)» ЖШС арасында №4508 келісімшарттық аумақта электронды каротаж қызметтерін көрсетуге № 1811105 шарт;
2) Қоғам мен «CNLC International Kazakhstan Inc. (КНЛК Интернэшнл Қазақстан Инк.)» ЖШС арасында №3939 келісімшарттық аумақта электронды каротаж қызметтерін көрсетуге № 1811106 шарт;
3) Қоғам мен «CNLC International Kazakhstan Inc. (КНЛК Интернэшнл Қазақстан Инк.)» ЖШС арасында №278 келісімшарттық аумақта электронды каротаж қызметтерін көрсетуге № 1811107 шарт жасасуы туралы шешім қабылдады, 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 16/1 хаттама.
«ПҚҚР» АҚ Директорлар кеңесінің аталған шешімі Қоғамның дара акционерінің, дауыс беретін акциялары иесінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 117/1 шешімімен мақұлданды.