Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлерге және инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:
«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесі Қоғамның жасалуында мүдделілік бар мәмілелер, атап айтқанда:
1) Қоғам мен «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ арасында қызметтер көрсетуге №1812095 шартын;
2) Қоғам мен «СНПС-Ай Дан Мұнай » АҚ арасында қызметтер көрсетуге №1812089 шартын;
3) Қоғам мен «Сибу-Қызылорда» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС арасында №1928 келісімшарттық аумақтағы ұңғымаларды жөндеп цементтеу қызметтерін көрсетуге №1901060 шартын;
4) Қоғам мен «CNLC International Kazakhstan Inc. (КНЛК Интернэшнл Қазақстан Инк.)» ЖШС арасында жер учаскесін қосалқы жалға алуға №1901040 келісімшартын;
5) Қоғам мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында тауар газын бөлшек саудада сатуға №1901113 шартын;
6) Қоғам мен «CNLC International Kazakhstan Inc. (КНЛК Интернэшнл Қазақстан Инк.)» ЖШС арасында №338 келісімшарттық аумақта газды каротаж қызметтеріне жасалған №1801101 шартына №1 қосымша келісім жасасу туралы шешім қабылдады, 2019 жылғы 01 наурыздағы № 18/1 хаттама.
«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесінің аталған шешімі Қоғамның дара акционерінің, дауыс беретін акциялары иесінің 2019 жылғы 01 наурыздағы № 119/1 шешімімен мақұлданды.