Дара акционер, барлық дауыс беретін акциялардың иесі “ПҚҚР” АҚ –ның “ПҚҚР” АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыретіне жататын мәселелер бойынша қабылдаған шешімдері туралы ақпарат:
09.06.2021ж. № 142/2 шешім
1. Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімі назарға алынсын, 2021 жылғы 09 маусымдағы №1/1 хаттама.
2. Қоғамның 2020 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін аудиттелген қаржылық есептілігі осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін және заңның 76.4-бабының талаптарына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жариялансын.
3. Қоғамның 2020 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін және бір жай акцияға шаққандағы түпкілікті дивиденд мөлшерін бекіту мәселесі анағұрлым кейінгі мерзімге шегерілсін.
4. Қоғам акционерлерінің 2020 жылға қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттері бойынша өтініштерінің болмауы туралы ақпарат назарға алынсын.
5. Директорлар кеңесінің және Қоғам Басқармасының мүшелеріне 2020 жылға сыйақы төленбесін.
6. Қоғамның 3 адамнан құралған санақ комиссиясы Қоғам акционерлерінің келесі жылдық жалпы жиналысында санақ комиссиясы сайланғанға дейін 1 (бір) жылға өкілеттік мерзімімен мына құрамда сайлансын:
1) Лигай Владимир Юрьевич;
2) Чернова Наталья Николаевна;
3) Айтжанова Шолпан Умирхановна.