ҚауІпсІздІк жӘне еҢбек саласындаҒы абыройлы марапат.
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ ЕҚжЕҚ тобының жетекшісі Светлана Төреманова «Сенім–2022» конурсының қорытындысы бойынша республикадағы еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженерлердің бірі атанды.
2022 жылғы 26 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өткен «KIOSH–2022» 10-шы мерейтойлық қазақстандық халықаралық конференциясы мен көрмесінде республиканың жұмыс берушілері арасындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша «Сенім-2022» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Конкурс үш номинациядан құралды: «Үздік еңбекті қорғау қызметі», «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер», «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор». «Сенім–2022» конкурсына Қазақстанның 14 өңірінен қатысушы компаниялардан 50-ден астам өтінім келіп түсті.
Светлана Қуанышқызы қазақстандық компаниялар арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша «СЕНІМ» конкурсында «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер» номинациясы бойынша құрметті екінші орынды еншілеп, дипломмен және мүсіншемен марапатталды.
Бұл конкурс – елдегі ҚТ саласындағы мамандар үшін жалғыз байқау. Бір нәрсе – тек оған қатысу және жұмыскердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелеріндегі біліктілігін растау. Осындай жоғары деңгейде өзін таныту үшін үміткерлерге бірқатар тапсырмаларды орындау қажет болды: жұмыстың қалай ретке келтірілгенін айтып беру, мақала, сондай-ақ эссе жазу.
– Мен компанияда 2002 жылдан бері жиырма жыл бойына жұмыс істеп келемін, – дейді Светлана Төреманова. – «ПетроҚазақстан» ҚЕҚОҚ мәселелері жөніндегі саясатындағы басымдықтардың бірі денсаулықты сақтау, жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау болып табылады. Мақсатты жүзеге асыру үшін, ең алдымен, өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру, жұмыскерлердің ҚЕҚОҚ мәселелеріне деген көзқарасын өзгерту қажет болды. Өздеріңіз білетіндей, 2014 жылы CNPC акционерлерінің шешімі бойынша «Dupont» компаниясының кеңесшілерінің көмегімен және жоғары басшылықтың қолдауымен компанияда ҚЕҚОҚ басқару жүйесін жетілдіру және өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша «Қорғау» жобасы ендірілді. Осы жоба аясында жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша көптеген мәселелер, соның ішінде әлеуметтік мәселелер де шешілді. Жоба компанияның барлық жұмыскерлерін ҚЕҚОҚ басқару жүйесін жетілдіру процесіне тартуға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы желілік басшылардың жауапкершілігін арттыруға, тәуекелдерді тиімді басқаруға мүмкіндік берді. Жұмысым өзіме ұнайды, еңбегімнің нәтижелерін көріп, рахатқа бөленемін және мамандық таңдауда қателеспегеніме қуанамын. Сонымен қатар, осы жылдар бойы бірге жұмыс істеп жүрген әріптестеріме алғысым шексіз.
Светлана конкурстағы қол жеткізген жеңісіне ең алдымен әріптестері – «ПҚҚР» АҚ ҚЕҚОҚ департаменті мен «ПетроҚазақстан» корпоративтік ҚЕҚОҚ департаментінің басшылығы атынан Евгений Маратұлы Мәжитов пен Анна Грунистің еңбек сіңіргенін мойындайды. Әріптестерінің белсенді қолдауы мен конкурсқа дайындық кезінде атсалысуы Светлананың лайықты марапатты иеленуіне септігін тигізді.
Светлана Төреманованы жүлделі орнымен құттықтаймыз және алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!