2022 жылғы 11 қыркүйекте Шымкентте ауқымды марафон – «Shymkent Marathon» өтті, оған қатысушылар саны Қазақстанның және ТМД елдерінің 60 қаласынан 5 000 адамды құрады. Шымкент қаласының тұрғындарымен және қала қонақтарымен бірге Шымкент мұнай өңдеу зауытынан 20 жүгіруші жарысқа шықты, олардың арасында зауыт басшылығының өкілі – Бірінші вице-президент Цзян Жиюань бар.
Жалпы, Шымкентте жүгіру мәдениеті соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанын атап өткім келеді, қалада бірнеше жүгіру клубтары белсенді жұмыс істейді, Орталық стадион мен Дендросаябағында жүгіру бойынша ашық тегін жаттығулар ұйымдастырылған. Дегенмен, «Shymkent Marathon» ерекше орын алады және қаланың ең бұқаралық спорттық іс-шараларының бірі болып саналады.
Айта кетерлігі, марафон 2018 жылдан бері өткізіліп келеді және жыл сайын қарқын алуда, оған қатысушылар саны артып келеді. Барлығы 6 қашықтық ұсынылды: 5 км, 10 км, 21 км, 42 км (классикалық марафон), скандинавиялық жүріс (Nordic walking) және экиден (эстафета), бұл ретте жобаның жүлде қоры 11 млн. теңгені құрады.
Біздің зауыт жұмысшылары үшін бұл марафон намыс үшін себеп болды. Мұнайшылар спорттық іс-шарада лайықты өнер көрсетті және таңдалған қашықтықтарға сәйкес мәреге жетті. Спорттық жетістіктер беттеріне жүлделі орындарға ие болған техникалық директор Бақыт Ерегенов пен материалдық қорларды басқару бөлімінің бастығы Ярослав Бандурко өз есімдерін жазды. Айта кетейік, Бақыт Ерегенов 50 жастан асқан марафоншылар санаты бойынша 5 км қашықтықты бағындырып, құрметті екінші орынды жеңіп алды.
Сол қашықтықты 40+ санатында жүгіріп өтіп, үшінші орын алған Ярослав Бандурко «марафон спорттың кезекті мерекесіне айналды» деп атап өтті.
Ярослав 2018 жылдан бері «Shymkent Marathon» бірде-бір жүгірісін өткізіп жібермеген және ол үшін бұл «бір күнде көптеген бақытты адамдарды, позитивтер мен уәждемелерді көру, сондай-ақ атлеттердің жарыстық атмосферасын сезіну мүмкіндігі».
Біз әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!
Оларға жаңа спорттық жетістіктер мен ең биік шыңдарды бағындыруды тілейміз!