/**/

«ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ШЫМЫР» ДЕП АТАЛҒАН СПОРТ МЕРЕКЕСІ

Наурыздың 2 жұлдызында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында волейбол, эстафета, тоғызқұмалақ және “бес асық” ойындары түрлерінен “Ең әдемі, ең шымыр!” атты спорт мерекесі өткізілді. Бұл мерекені кәсіподақ комитетімен бірлесіп Жұртшылықпен байланыс бөлімі ұйымдастырды.

Спорттық мерекеге біздің компанияның ең сүйкімді, ең спортсүйгіш, ең әдемі қыздары қатысты. Барлық жарыстардың қорытындысы бойынша ең мықтылар анықталды.

Бес асық: “Бес асық” жарысы нағыз мәдениет пен дәстүрдің мерекесіне айналды. Ақмарал Құттыбаева, Салтанат Есжанова, Жанар Қалдыбаева, Жанат Ибрахимова, Айгүл Жалимбетова және Сәуле Әмірханқызы асықтарды цирк жонглерінен кем түспей иіре алатынын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

І-орын – Акмарал Құттыбаеваға,  

ІI-орын –  Жанар Калдыбаеваға,

ІІI-орын – Салтанат Есжановаларға бұйырды. 

Тоғызқұмалақ: қазақтың ұлттық тоғызқұмалақ ойынында
І-орынды Жанат Ибрахимова,
ІI-орынды – Ақбаян Берманова,
ІІІ-орынды – Сауле Әмірханқызы иеленді.

Волейбол. Волейбол жарысына 3 құрама команда:  «Құмкөл-КАМ», «Қаладағы офис», «ТМГО» командалары қатысты. Турнир қорытындысы бойынша І-орынды «Қаладағы офис» құрама командасы жеңіп алды, «Құмкөл-КАМ» командасы ІI-орынға жайғасса, ІІІ-орын «ТМГО» командасының еншісіне тиді.

Эстафета: Ең тату, ең мықты, ең көңілді. Эстафетаға қатысушылардың барлығын осылай сипаттауға болады. Жарысқа қатысқан “Батылдар”, “Бәйшешек,” “Бірлік”, “Қызғылт пантера”, “Бес жұлдыз” және “Жебе” командаларының мүшелері дәл осындай болды. Спорт алаңында спортқа деген құмарлық қайнап жатты. Әр қатысушы өз командасы үшін жеңіске жетуге тырысты.

Старттар әр түрлі кезеңдерден тұрды: команданы таныстыру, “Үй жинаудың үлкені”, “Скакалкамен жүгіру”, “Аспаз”, “Батпақты кесіп өту”, “Кенгуру” және “Ыстық картоп”. Олардың барысында командаларға іс-әрекет үйлесімділігін, тапқырлық, икемділік пен ептілік көрсету қажет болды.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Жебе» командасы жеңіп алды (команда құрамы: Татьяна Федотова, Шолпан Досмаилова, Ольга Ли, Ақмарал Құттыбаева, Нұргүл Суханова), екінші орынды –«Бәйшешек» командасы (команда құрамы: Юлия Түгелбаева, Амина Жанахметова, Гүлмира Жундабекова, Анастасия Гюндюз, Лаура Алиева) үшінші орынды –«Бірлік» командасы алды (команда құрамы: Салтанат Есжанова, Жанат Ерлепесова, Сәрсенкүл Сыздықова, Раушан Жубанияз, Шынар Сейтенова).

Салтанатты жағдайда қатысушылар құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Біз өз тарапымыздан жарысқа қатысушыларды құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

P.S. Жарқын мерекені ұйымдастырғаны үшін кәсіподақ комитетіне, жұртшылықпен байланыс және әкімшілік бөлімдеріне алғысымызды білдіреміз!

“СҮЙКІМДІ ХАНЫМДАР ҮШІН”

 

8 наурызда Құмкөл кенішінде Халықаралық әйелдер күніне арналған “Сүйкімді ханымдар үшін” атты мерекелік дискотека болып өтті.

Әдемі ханымдарымызға арнап вахта-40 клубында 80-ші, 90-шы және 2000-шы жылдардағы хиттерден дискотека ұйымдастырылды. Дискотеканың диджейлері әріптестеріміз Жеңіс Жұмахметов пен Мақсат Әшімов болды.

Ойын-сауық конкурстарының белсенді қатысушыларына “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” АҚ кәсіподақ комитетінің атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

 

Жұртшылықпен байланыс бөлімі

 

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz