2025 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Әлібек Жұмабекұлы Жамауов «ПҚОП» ЖШС-на (Шымкент мұнай өңдеу зауытына) жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары аясында Әлібек Жамауов кәсіпорынның қызметімен, оның ішінде өндірістік процестерімен танысты. Сондай-ақ, вице-министр мұнай өңдеу зауытының негізгі объектілерін, оның ішінде каталитикалық крекинг кешенін және №3 цехтың өндірістік процестерді басқаратын операторлары отыратын жайын аралап көрді. Вице-министр Шымкент мұнай өңдеу зауытының мұнай өңдеу бойынша өндірістік қуатын жылына 6 млн. тоннадан 12 млн. тоннаға дейін арттыру жөніндегі ауқымды жобаның табысты іске асырылу қажеттігіне ерекше назар аударды.
Бұл жоба зауыт жұмысының тиімділігін арттыруға және еліміздің энергетикалық секторын дамытуға бағытталған. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мұнай өңдеу саласына инновациялық және заманау шешімдерді енгізу арқылы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына өзінің елеулі үлесін қосып келеді. Сапар соңында Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Әлібек Жұмабекұлы Жамауов зауыттың өндірістік қуатын арттыру жөніндегі жобаны уақтылы және сапалы іске асырудың маңыздылығын және жобаны іске асыру барысында заманауи технологиялық және экологиялық стандарттарды сақтау қажеттігін, өндірістік процестердің тиімділігін әрі қарай жоғарылату қажеттігін атап өтті. Энергетика министрлігі жобаның іске асырылу барысын қадағалап тұратынын және министрлік тарапынан қажетті көмектің көрсетілетінін айтты.
🖊️ТОО «ПетроҚазақстан Ойл Продактс


