«ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС қоршаған ортаға әсер етуге кешенді экологиялық рұқсат алғаны туралы хабарлайды, бұл компанияның қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты дамудың жоғары стандарттарын сақтауға міндеттемесін растайды.
Кешенді экологиялық рұқсатты (КЭР) ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті берді және кешенді экологиялық рұқсат қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтуды қамтамасыз ететін барлық қажетті шаралар мен нормаларды қамтиды. Аталған рұқсат зауыттың өндірістік қызметінің барлық аспектілерін, соның ішінде атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын, ағынды сулардың төгілуін және қалдықтарды басқаруды қамтиды.
Кешенді экологиялық рұқсат алу көміртегі іздерін азайтуға және өндіріс процестерін оңтайландыруға бағытталған зауыттың экологиялық саясатын жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады. Осы жоба аясында ластаушы заттардың деңгейін едәуір қысқартуға және энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи технологиялар енгізілді.
«ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС өзінің экологиялық көрсеткіштерін жақсарту, оның ішінде ең үздік қол жетімді техникалар бойынша бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.
«ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС кешенді экологиялық рұқсат алу шеңберінде қосқан үлесі үшін «ҚазМұнайГаз» ҰКАҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментіне алғысын білдіреді.
🖊️«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС