/**/

2025 жылғы 4 мамырда Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Хань Чуньлинь мырза “ПетроҚазақстан Ойл Продактс” ЖШС мұнай өңдеу зауытына танысу сапарымен келді.

2025 жылғы 4 мамырда Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Хань Чуньлинь мырза “ПетроҚазақстан Ойл Продактс” ЖШС мұнай өңдеу зауытына танысу сапарымен келді.

Сапар барысында елші мырза өндірістік процестер және мереке күндерінде кәсіпорында қабылданған қауіпсіздік шараларымен танысып өтті. Компанияның бірінші вице-президенті Цзян Жиюань мырза кәсіпорын қызметіне қысқаша шолу жасап, оның негізгі жетістіктері мен даму кезеңдеріне тоқталып, зауыттың дамуына қосқан үлесі мен көрсетілген қолдауын атап өтті.

Хань Чуньлинь мырза Шымкент мұнай өңдеу зауытының 40 жылдығы және CNPC инвестициясының 20 жылдығына орай өзінің ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласындағы стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бұл сапар екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды кезеңі болды және екі тараптың мұнай өңдеу секторын бірлесіп дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.

🖊️ «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz