2025 жылғы 27 қыркүйек күні Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған ынтымақтастық жүгіру шарасы өтті. Шараны «Қызылорда облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ұйымдастырды.
Жүгіру мәресіне салалық кәсіподақ ұйымдарының 300-ге жуық жұмыскері шықты. Бұлар – ынтымақтастық, салауатты өмір салты және қоғамдық бірлік идеяларын бірлесіп қолдауды мақсат еткен әртүрлі жастағы және кәсіптегі адамдар. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясынан 8 жұмыскер қатысты, атап айтқанда, олар: Оралбек Серікбол, Лайықова Гүлзада, Шэнь Гуаньчжун, Құтыбаева Ақмарал, Федотова Татьяна, Досмаилова Шолпан, Хао Юньгуан, Цзян Дэхуэй.
5 км қашықтыққа жарыстың жеңімпаздары 18-39 жас аралығындағы және 40 жастан асқан екі жас ерекшелігі санатындағы ерлер мен әйелдер арасынан жеке-дара анықталды.
Мәреге өзгелерден оза жеткен әртүрлі жас ерекшелігі санатындағы бірінші ондыққа мерейтойлық медаль тағылды, ал арақашықтық жеңімпаздарына ақшалай сертификат, мерейтойлық медаль және грамота табысталды.

Шолпан Досмаилова, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ департаментінің бухгалтері, 18-39 жас аралығындағы санат бойынша мәреге жетінші болып жетіп, үздік ондыққа енді.
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ кәсіподақ комитетінің төрайымы Бақыт Мұқашева қатысушылар мен жүлдегерлерге денсаулық және жаңа үлкен жеңістер тілеп, алғысын білдірді. Компания атынан қатысқан жұмыскерлер кәсіподақ комитетінен естелік сыйлықтар алды.

Шолпанды «Қазақстан кәсіподағының қозғалысына 120 жыл» лайықты мерейтойлық медалімен құттықтаймыз және қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз!