/**/

«ПҚҚР» АҚ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІ БАЛАЛАРЫНЫҢ «DELVE CAMP» ЛАГЕРІНДЕГІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ

2026 жылы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компания жұмыскерлерінің балаларына арналған жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша игі дәстүрін жалғастыруда.

Биыл «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ және «Көлжан» ЖШС жұмыскерлерінің 450 баласы Түркістан облысы Түлкібас ауданының көркем таулы өңірінде орналасқан заманауи «DELVE CAMP» лагерінде мазмұнды әрі қызықты бағдарлама аясында демалып келді.

Таза ауа, шуақты күн және көркем табиғат балалардың денсаулығын нығайтып, жақсы демалуына қолайлы жағдай жасады. «DELVE CAMP» лагерінде балалар атқа міну, садақ ату, қыш өнері (құмыра жасау) бойынша шеберліктерін шыңдап, бассейнге шомылды және басқа да көптеген қызықты іс-шараларға қатысты. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығына ұйымдастырылған әсерлі экскурсия, спорттық ойындар мен дискотекалар балалардың белсенді демалуына, жаңа достар табуына мүмкіндік берді. Балалардың күш-қуатын қалпына келтіру мақсатында күніне бес рет теңгерімді тамақтандыру ұйымдастырылды.

Күрделі құрылыс департаментінің жетекші инженері Қалмұхамед Әбілқасымов жұбайымен бірге жеті баланы тәрбиелеп отыр. Олардың үшеуі – Айзере (11 жаста), Еркеғали (13 жаста) және Мұқағали (14 жаста) 21-27 маусым аралығында «DELVE CAMP» лагерінде демалып қайтты. «Балалар бақытты болса – ата-ана да бақытты! Компаниямызға балаларымызға ұмытылмас жазғы демалыс сыйлауға мүмкіндік бергені үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Компанияның қамқорлығының арқасында балаларымыз лагерьде уақыттарын қызықты, белсенді әрі пайдалы өткізді. Олар үйлеріне жүздерінде қуаныш нұрымен, жаңа достарымен, жарқын әсерлерімен және бізге әлі күнге дейін қызыға айтып жүрген көптеген естеліктерімен оралды. Компания басшылығына қызметкерлердің отбасыларына көрсетіп отырған шынайы қамқорлығы және балаларға жай ғана демалыс емес, бақытты балалық шақ сыйлап отырғаны үшін  алғысымыз шексіз!». – деп ойымен бөліседі Әбілқасымов Қалмұхамед.

Қанатбек Айзере, 11 жылы: «Маған лагерьде демалған өте ұнады! Мұнда өте көңілді әрі қызықты болды. Күн сайын біз ойындар ойнап, түрлі байқауларға қатысып, спортпен айналысып, сурет салып, би билеп, көптеген жаңа нәрселерді үйрендік. Мен көптеген жаңа достар таптым, олармен бірге күліп, ойнап, уақытымызды қызықты өткіздік. Ең есте қалғаны – көңілді ойындар, кешкі іс-шаралар және дәмді тағамдар болды. Мен көптеген жарқын әсерлер мен жағымды эмоциялар алдым. «ПетроҚазақстан» компаниясына DELVE CAMP балалар лагеріне жолдама бергені үшін үлкен рақмет! Осы лагерьде болғаныма өте қуаныштымын және мұнда тағы да келуді армандаймын!».

Балалардың демалысын ұйымдастыру – жұмыскерлер мен олардың отбастарын қолдауға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған «ПҚҚР» АҚ әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz