Жаңа оқу жылының алдында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) зауыт маңындағы тұрғын аудандарда орналасқан мектеп оқушыларына көмек көрсету мақсатында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Акция аясында компания қызметкерлері №84, 94, 96, 97, 99, 100 және 142 мектептерінде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына 210 жиынтық жаңа мектеп формасын табыстады.
Оқушыларға жылы лебізін білдіріп, «ПҚОП» ЖШС-нің персоналды басқару және әкімшілік департаментінің директоры Жармаханбетов Т.Ф. сөз сөйледі. Ол балаларға оқуда табыс, білімге құштарлық және өзіне деген сенім тіледі.
Әлеуметтік жауапкершілік — «ПҚОП» ЖШС компаниясының басты қағидаларының бірі. Компания жергілікті қоғам өміріне белсенді қатысып, білім беру, денсаулық сақтау және өңір тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеді.