2012 жылғы жұмыс нәтижелері
БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ
2012 жылы «ПетроҚазақстан Инк.» 5,7324 млн. тонна мұнай өндірді, оған біздің бірлескен кәсіпорындар – «Қазгермұнай» мен «Торғай-Петролеумнің» 50%-дық үлестері де кіреді. Оның ішінде ПҚҚР, Көлжан мен ПҚВИ компанияларының іс жүзіндегі жиынтық өнімі – 3,1007 млн. тоннаны құрады, Торғай-Петролеум өндірген 50% – 1,0695 млн. тоннаны құрады, Қазгермұнай өндірген 50% – 1,562 млн. тоннаны құрады. 2012 жылы 79 жаңа ұңғыма, оның ішінде 57 – өндіруші ұңғыма және 22 – бағалау ұңғымасы іске пайдалануға енгізілді. 951-Д лицензиясы бойынша 200 қума метр көлемінде 2Д-сейсмикалық барлау және 80 шаршы метр көлемінде 3Д-сейсмикалық барлау жүргізілді. 1057 келісімшарттары бойынша 100 шаршы метр 3D сейсмикалық барлау жұмыстары орындалды. 1928 келісімшарты бойынша 500 қума метр ауданда 2Д-сейсмикалық барлау және 65 шаршы метр ауданда 3Д-сейсмикалық барлау жүргізілді.
2012 жылы 34 барлау ұңғымасы бұрғыланып, олардың барлаушылық бұрғылануының сәттілік коэффициенті 70% болды. Мұнай қорының өсімі 3674 мың тоннаны құрады, олар негізінен Батыс Тұзкөл, Белқұдық және Досжан кен орындарында барланды. Ақжар мен Кетеқазған құрылымдарындағы газ шоғырларының қорлары белгіленді.
ҚАЙТА ӨҢДЕУ
2012 жылы 4 753 мың тонна шикізат қайта өңделді, бұл 2011 жылғы қайта өңделгеннен 149 мың тонна артық.
2012 жылы жоғары октанды бензиндерді өндірудің рекордтық көрсеткіштеріне (шығарылатын бензиндердің жалпы көлемінің 72%-ына дейін) қол жеткізілді – 2011 жылмен салыстырғанда 9%-ға немесе 125,6 мың тоннаға артық. Зауыт авиакеросин, вакуумдық газойль, тұрмыстық сұйылтылған газдар және бензиндердің жоғары октанды маркаларын дайындап шығару көлемдерін арттырды. Сондай-ақ ашық түсті мұнай өнімдерін дайындап шығару да артты.
2012 жылы зауыттың мамандары шығарылатын өнімдердің сапасын жақсарту бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізді. Мұнай өңдеу зауытын жаңарту бағдарламасын іске асыруға дайындық жалғасуда. Бұл бағдарламаның шеңберінде 7 жаңа технологиялық қондырғының құрылысы, сондай-ақ бұрыннан бар 3 қондырғыны қайта құрылмалау көзделген. Зауытты жаңарту мен қайта құрылмалау жобасының мақсаты Евро-4 және Евро-5 стандартына сәйкес келетін мұнай өнімдерін шығаруға көшу, сондай-ақ ашық түсті мұнай өнімдерін қайта өңдеу мен дайындап шығару тереңдігін арттыру болып табылады.
МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ
Мұнай өнімдері нарығындағы ахуал жыл бойы үздіксіз өзгеріп отыратын жағдайда, «ПетроҚазақстан» тұтынушыларға отын жеткізу бойынша өзінің міндеттемелерін мүлтіксіз орындап отырады. Қазақстан Республикасындағы ЖЖМ нарығын тұрақтандыру және әлеуметтік жағынан жауапкершілікті компания деген мәртебені сақтау аясында әлеуметтік бағдарламалар бойынша 1 012,9 мың тонна мұнай өнімдерін (дизельдік отын, бензин, мазут, авиакеросин) жеткізу қамтамасыз етілді.
Цистерналар айналымының жолға қойылған жүйесінің арқасында компания тасымал құнының төмендетілуіне қол жеткізіп, Қазақстанның жүк жөнелтушілерінің арасындағы көш бастаушы компаниялардың бірі деген орнын сақтап қалды.
ҚЕҚОҚ
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында «ПетроҚазақстанда» қабылданған барлық өндірістік стандарттар толық көлемде орындалады. Өткен жылы ПҚОП ЖШС ҚЕҚОҚ Басқару жүйесінің халықаралық ISO 14001 стандартына сәйкестігі бойынша растаушы аудиттен және халықаралық OHSAS 18001 стандартына сәйкестігі бойынша қайта сертификаттаудан сәтті өтті. 2012 жылы «ПҚҚР» АҚ OHSAS 18001 стандартына сертификатталудан сәтті өтті де, жыл соңына дейін ISO 14001 стандартын ендіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар ПҚОСИ мен ПҚОП компаниялары CNODC тарапынан ҚЕҚОҚ басқару жүйесінің аудитінен өтті.
КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
Әлеуметтік жауапкершілік бойынша 2012 жылы қабылданған барлық міндеттемелер толық көлемде әрі белгіленген мерзімдерде орындалды. Дәстүрлі демеушілік жобаларға және қамқорындағы ұйымдарды қолдауға қосымша, 2012 жылы ПҚОП және ПҚҚР компаниялары Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қызылорда облысының әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Қол қойылған меморандумдардың шеңберіндегі әлеуметтік жобаларды іске асыруға тиісінше ПҚОП 1 млн. доллар, ПҚҚР – 2,5 млн. доллар бөлді.
ҚАМ вахталық кентінің жұмыскерлерінің бос уақытын сапалы өткізуін қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы Арысқұм кен орнында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт кешені іске пайдалануға тапсырылды, онда спорттың 9 түрі бойынша секциялар жұмыс істейді.
2012 жылғы 5 желтоқсанда Алматыда Мәдениет Жылын өткізудің және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеудің шеңберінде «ПетроҚазақстан» компаниясы Алматы қаласының Медеу ауданының әкімдігімен және Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайымен бірлесіп, Қазақстан мен Орта Азияның майталман суретшілерінің туындыларының «ЖЫЛЫ ӨЛКЕ» атты көрмесін ұйымдастырды.
«ПетроҚазақстан» компаниясы Ирина Серкебаеваның «Бибігүл Төлегенова: сүю, үміттену және сену» атты кітабының бас демеушісі болды. Кітап әншінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы оның өзінің естеліктері бойынша жазылған. Кітаптың тұсаукесері 2012 жылғы 19 желтоқсанда, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті.
ЖЕТІСТІКТЕР МЕН МАРАПАТТАР
Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаев ПҚИ компаниясының Президенті әрі ПҚОП компаниясының Бірінші Вице–президенті Вэй Юйсян мырзаның және ПҚИ компаниясының стратегиялық байланыстар жөніндегі Вице-президенті Бахытжан Ізтілеуұлы Исенғалиев мырзаның елге сіңірген еңбегін жоғары бағалап, оларды тиісінше 2-ші дәрежелі «Достық» орденімен және «Құрмет» орденімен марапаттады. Республиканы дамытуға қосылған үлестің осындай биік деңгейде танылуы тек абырой ғана емес, сонымен бірге «ПетроҚазақстан» компаниясының бөлімшелері орналасқан аймақтарды және тұтастай алғанда Республиканы дамытудағы оның рөлін Республика басшыларының танитынын паш етеді.
**”Достық” орденімен азаматтар қоғамдағы өзара келісімді сақтау бойынша жемісті жұмысы үшін, бейбітшілікті, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін марапатталады.
**”Құрмет” орденімен азаматтар экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беру ісін дамытуға сіңірген еңбегі үшін, мемлекеттік органдардағы өнегелі қызметі үшін және белсенді қоғамдық жұмысы үшін марапатталады.