/**/

«ПетроҚазақстан» компаниясы 2015 жылдағы жұмысының нәтижелері туралы хабарлайды.

БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ

«Қазгермұнай» және «Торғай-Петролеум» БК-дағы 50%-дық үлесін қосқанда, 2015 жылы «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясы 4,386 млн. тонна мұнай өндірді. Солардың ішінде 2015 жылдың 12 айы ішінде «ПҚҚР» АҚ-тың, «Көлжан» ЖШС-нің, «ПҚВИ» ҚФ-тың мұнай өндірудің нақты жиынтық үлесі 2,442 млн. тоннаны құрады. 2015 жылға арналған мұнай өндірудің жоспарланған көлемі 2,585 млн. тоннаны құрайды. «Торғай-Петролеум» АҚ өндірісінің 50%-ы – 0,444 млн. тоннаны, ал «Қазгермұнай» БК ЖШС өндірісінің 50%-ы – 1,500 млн. тоннаны құрады.

2015 жылы «ПҚҚР» АҚ-та, «Көлжан» ЖШС-де, «ПҚВИ» ҚФ-да 68 жаңа ұңғыма бұрғыланды. Соның ішінде 25 өндіру, 43 барлау және бағалау ұңғымалары, ал «Қазгермұнай» БК ЖШС 33 өндіру ұңғымасын бұрғыланды. McDaniels тәуелсіз аудиторының берген есебіне сәйкес Р1 санатты мұнай қорының өсуі «ПҚИ» компаниялар тобы бойынша жалпы алғанда 5,473 млн. баррельді құраған.

ҚАЙТА ӨҢДЕУ

2015 жылы «ПҚОП» ЖШС 4,493 млн. тонна шикізатты өңдеді. Бұл ретте өңдеу тереңдігі – 75%-ды, ал ашық түсті мұнай өнімдерінің шығарылуы – 56,7%-ды құрады.

«ПҚОП» ЖШС-нде Шымкент МӨЗ-нің Жаңғырту және қайта құру жобасының жүзеге асырылуы жалғасуда. 2015-2019 жж. арналған ҚР ҮИИДМБ аясында жүзеге асырылатын «ШМӨЗ-ді жаңғырту және қайта құру жобасының» ТЭН және ЖСҚ қатысты мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы компания тарапынан 2015 жылы алынған болатын. 2015 жылы 1-ші кезеңнің аясында дизельді жанармайды сумен тазалау қондырғысының қайта құру және жаңа объект болып табылатын күкірт өндірісінің қондырғысын салу жобалары аяқталды. 2017 жылдың соңына дейін 2-ші кезең аясында зауыттың қуаттылығын жылына 6 млн. тоннаға дейін қалпына келтіру және өңдеу тереңдігін ұлғайту мақсатында, жаңа технологиялық қондырғылары мен ЖЗШ объектілерін салу және қазіргі технологиялық қондырғылары мен ЖЗШ объектілерін қайта құру жоспарланды.

ЕУРО-4 және ЕУРО-5 стандарттарына сәйкес келетін мұнай өнімдерін шығару, өңдеу тереңдігін ұлғайту және ашық түсті мұнай өнімдерін шығару Жаңғырту жобасын жүзеге асырудың басты мақсаты болып табылады.

ҚЕҚОҚ

2015 жылы «ПҚҚР» АҚ- қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және ҚЕҚОҚ басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қорғау» жобасының жүзеге асырылуы жалғасты. Әлеуетті қауіптіоқиғалар, қауіпсіз емес жағдайлар мен әрекеттер туралы алдын ала хабарлағаны үшін жұмыскерлерді ынталандыру бағдарламасы аясында «ПетроҚазақстан» компаниясының 5 жұмыскерімарапатқа ие болды.

2015 жылы «ПҚҚР» АҚ-та жеке өзінің бұрғылау қалдықтарын қабылдау және оларды қайта өңдеу полигоны ашылды. Түгендеу өткізіліп, «ПетроҚазақстан» компаниясының барлықобъектілері бойынша жылыжай газдарының шығарылуына рұқсат беретін сертификаттар алынды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортанықорғау саласындағы ең үздік инновациялық ойлар мен тәжірибелер» байқауында ЕҚҚжЭД директоры А. Ж. Ембердиев пен ТҚБ бастығы С. У. Жарқымбековтың «Мазутпен ластанғантопырақтың құнарлығын биологиялық жолмен қалпына келтіру және темірдің пирофорлы сульфидтерінің дезактивациясы» жобасы 3-ші орынға ие болды. Сондай-ақ, «ПҚОП» ЖШСОңтүстік Қазақстан облысының ұйымдары арасында өткен «ЕҚжҚТ бойынша ең үздік тәжірибе» тақырыбындағы байқауда 1-ші орынға ие болды.

«ПҚҚР» АҚ-тағы, «Көлжан» ЖШС-дегі, «ПҚОСИ» компаниясындағы оқиғаларды есепке алу және оларды тексеру тәжірибесін жетілдіру мақсатында, оқиғаларды басқару жөніндегі САПмодулі іске қосылды. «ПетроҚазақстан» компаниясының барлық объектілерінде электр қауіпсіздігі бойынша тәуелсіз аудит және Компанияның ҚЕҚОҚ бойынша жоғары тәуекелдердіқадағалау және оларды басқару бойынша аудит өткізілді.

2015 жылдың тамыз айында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-та энергетикалық менеджмент жүйесі ISO 50001:2011 халықаралық стандартының ENMS 637414 сертификаты енгізілді.Осы стандарт әлемдегі ең үздік болып табылатын, сондай-ақ энергияның тұтынуын қысқартуға, шығындарды азайтуға және экологиялық талаптарға сәйкестілігін қамтамасыз етуге мүмкіндікберетін энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуін қамтамасыз ету әдістемесін қамтиды.

КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

«ПетроҚазақстан» компаниясы қызмет салаларындағы өзінің көп мақсатты демеушілік бағдарламасын бұрынғыдай жүзеге асырып жатыр. Демеушілік жобалар бойынша 2015 жылға арналғанәлеуметтік жауапкершіліктің міндеттемелері белгіленген мерзімде орындалды. Дәстүрлі жобалар мен қамқорлыққа алынған ұйымдарды қолдауға толықтыру ретінде 2015 жылы «ПҚОП»ЖШС-нде жүзеге асырылуына 150 миллион теңге бөлінген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен ынтымақтастық жасау жөніндегі Меморандумына қол қойылды. 2015 жылдыңқорытындысы бойынша «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің демеушілік пен қайырымдылық көмекке кеткен шығыны 246 млн. теңгені құрады.

2015 жылы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ тарапынан қайырымдылық және әлеуметтік жобаларға бөлінген қаржысы 5 052,1 млрд. теңгені құрады.

Компанияның 2015 жылы аймақтардың дамуына қосқан үлесі мен «ПҚҚР» АҚ және «ПҚОП» ЖШС қызметкерлерінің еңбегі республикалық және жергілікті деңгейлерде бағаланды. Осылайша, ҚР Энергетика министрлігі «ПҚҚР» АҚ 3 қызметкерін «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен, сондай-ақ «ПҚҚР» АҚ 9 қызметкерін құрмет қағаздарымен, алғыс хаттарымен және «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапаттады. Оған қоса, зейнетке шыққан «ПҚҚР» АҚ 13 қызметкеріне Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі тарапынан «Еңбек ардагері» медалі беріліп, 16 қызметкері Қызылорда облысы әкімі мен Қызылорда қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

«ПҚОП» ЖШС-нің 30 жылдық мерейтойына орай, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз – ӨМ» АҚ, «Самрұқ-Қазына» АҚ мен ҚР Энергетика министрлігі «ПҚОП» ЖШС-нің 217 қызметкерін «Ерен еңбегі үшін» медалімен, естелік белгісімен, құрмет қағаздарымен, алғыс хаттарымен марапаттады. Сондай-ақ, компания басшылығының тарапынан «ПҚОП» ЖШС-нің 194 қызметкері марапатталған болатын.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz