/**/

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – Шымкент МӨЗ жаңғырту және реконструкциялау жобасы бойынша ақпараттық хабарлама

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – мұнай өңдеу зауыты Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ол 1985 жылы салынған және Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының біреуі. Қазіргі уақытта Шымкент мұнай өңдеу зауыты Қазақстанда өндірілетін мұнай өнімдерінің жалпы көлемінің шамамен 30%-ын қамтамасыз етеді. 
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС өзінің өндірістік нысандарын жаңғырту жобасына көп көңіл бөледі және оларды жаңғыртуға көптеген қаржы салуда. «ПКОП» ЖШС-нің жетістіктерінің бірі – өңдеу шығындарын төмендетіп, оның тиімділігін арттырды. Бұған өндірісті жетілдіру, жұмыс істеп тұрған қондырғыларды реконструкциялау және жаңа заманауи технологияларды енгізу бағдарламасын іске асыру арқылы қол жеткізілді. 
Компания басшылығы Шымкент мұнай өңдеу зауытын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын дайындады. Жобаның негізгі мақсаты – мұнай өңдеу зауытының жұмысын соңғы заманауи әлемдік стандарттарға сай келетін деңгейге жеткізу. • Мұнай өңдеу қуаттылығын жобалық қуатына дейін, яғни жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізу; • Мұнайды өңдеу тереңдігін жоғарылату; • Шығарылатын өнімнің сапасын Евро-4 және Евро-5 стандарттарының деңгейіне дейін жақсарту; • Шығарылатын өнім түрлерін көбейту (қарапайым күкіртті және мұнайхимиясының шикізаты болып табылатын пропан-пропиленді шығару); • Экологиялық бағдарламаларды жетілдіру. 
«Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» жобасын іске асыру нәтижесінде 14 жаңа технологиялық қондырғылар салынатын болады, оның ішінде: ауыр мұнай қалдықтарын өңдейтін каталитикалық крекинг қондырғысы RFCC, каталитикалық крекинг бензинін гидротазалау қондырғысы Prime G+, МТБЭ өндіру қондырғысы, қанықпаған сұйытылған көмірсутекті газдардан күкіртті тазалайтын Merox қондырғысы, ілеспе газдарды тазалау және күкіртті айыру қондырғысы салынатын болады. 
2015 жылдың маусым айында «Дизель отынын гидротазалау қондырғысы» нысанын іске қосу үшін кепілді пайдалану сынақтары жақсы өткізілді. Орнатылған Р-301-1 реакторы жазғы дизель отыны компонентін өндіру кезінде жобалық көрсеткіштерге қол жеткізіп, Евро-5 стандарты деңгейінде жылына 1,5 млн. тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді. Бөлінетін күкіртсутегі қуаттылығы жылына 4000 тонналық күкірт өндіру қондырғысына шикізат болып табылады. 
2015 жылдың желтоқсан айында «Қуаттылығы жылына 4000 тонна күкірт өндіретін қондырғы» іске қосылды. Басынан бастап салынған жаңа нысанның жобалық қуаттылығы жылына 4 мың тонна қарапайым күкірт өндіреді. Осы қондырғыға қызмет көрсету үшін 27 жаңа жұмыс орны ашылды және жұмысқа қабылданған жұмыскерлер жаңа технологияға оқытылды; қондырғыны іске қосу үшін ұқсас кәсіпорындардан мамандар шақырылды; қазіргі кезде бұрын алауға (факелге) жағылатын қышқыл газдарды кәдеге жарату арқылы 300 тонна күкірт өндірілді, өндірілген күкірттің салмағы – 99,9 % масс. жоғары. 
 «Мұнай өнімдерін нүктелік (саңылаусыз) құю қондырғысын» орнатуды 2016 жылдың IV тоқсанында аяқтап, пайдалануға енгіземіз деп жоспарлап отырмыз. Бұл қондырғы сағатына 730 текше метр өнім құятын телескопиялық құбырлар арқылы екі нүктеден автобензиндерді автоматты құюды қарастырады, сонда 1 вагонцистерна 6-7 минутта толтырылады. Бүгінгі таңда құрылыс монтаждау жұмыстары келесі көлемде орындалды: құйылуы қажет 2014 текше метр бетонның 876 текше метрі құйылды, құрастырылатын 416 тонна металконструкцияның 340 тоннасы құрастырылды, жабдықты монтаждау басталды. 
«Шикізатты дайындау блогы бар изомерлеу қондырғысын салу» жобасы К-4, К-5 стандарт талаптарына сай келетін автобензин компоненттерін өндіруге бағытталған, қондырғының қуаттылығы жылына 600 мың тонна. Қондырғының құрылысына 700-ден астам құрылысшылар мен монтаждаушылар тартылды және жаз-күз мезгілінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын тездету үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін жұмысшылардың санын 1200-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр, жалпы зауыт шаруашылығы нысандарында жер қазу жұмыстары басталды, №3600 резервуар паркінің шұңқыры дайындалды. Факелде бұрғылап құйылатын тіректерді құю жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда изомерлеу қондырғысы бойынша мына жұмыстар орындалды: жобалау жұмыстары – 98,9%, 149 жабдыққа тапсырыс берілетін болса, соның 147-не немесе 99%-на тапсырыс беріліп қойды, 6 970 текше метр іргетастың 6 568 текше метрі немесе 94%-ы құйылды, 149 жабдық орнатылатын болса, соның 62-сі немесе 41,6 %-ы орнатылды, оның ішінде салмағы 200-400 тонна болатын, биіктіктері 55 метрге дейін, диаметрі 6,6 метрге дейін жететін К-205, К-701, К-704 3 ректификациялық колонна орнатылды, сондай-ақ адсорберлер, сыйымдылықтар, жылуалмастырғыштар орнатылды, П-206 және П-751 түтікшелі пештері құрастырылуда. 
Изомерлеу қондырғысының құрылысын аяқтау 2016 жылдың IV тоқсанына жоспарланған. 
Жалпы зауыт шаруашылығы нысандарының құрылысын аяқтау және Изомерлеу қондырғысын іске қосу-реттеу жұмыстары 2017 жылдың 1 тоқсанының соңына жоспарланған.  
«Каталитикалық крекинг қондырғысы» жобасы мұнай (шикізат) өңдеу көлемін жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізуге және шикізатты өңдеу тереңдігін 85%-ға дейін жеткізуге бағытталған. 
Бүгінгі таңда бұл жоба бойынша мына жұмыстар орындалды: жобалау жұмыстары 13%-ға және жалпы зауыт шаруашылығы – 15%-ға орындалды, 598 жабдыққа тапсырыс берілетін болса соның 17-сіне немесе 2,8%-на тапсырыс берілді, 8 760 текше метр іргетастың 1 645 текше метрі немесе 18,8%-ы құйылды. 
Бұл жобаны аяқтау – 2017 жылдың IV тоқсанына жоспарланған. Жобаға 1 және 2 кезеңдеріне құрылыс-монтаждау жұмыстары көп жүргізілетін кезде 3 500 адамға дейін тарту көзделуде. 
Жаңғырту жобасын іске асыру бойынша жүргізілетін құрылыс және монтаждау жұмыстары өндірісті тоқтатпастан жүргізілуде және бұл жұмыстарды жүргізу кезінде шығарылатын өнім көлемі азаймайды. Салынып жатқан барлық жаңа қондырғылардың құрылысы өндіріспен қатар жүргізілуде.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz