/**/

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға тартылған шетелдік жұмыскерлердің саны бекітілген квотадан аспайды.

12 сәуірде Шымкент мұнай өңдеу зауытында ҚР энергетика министрі Қ. Бозумбаев «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің және «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның басшылығымен зауытты жаңғырту және реконструкциялау жобасын іске асыру бойынша жұмыс жиналысын өткізді. Аталған жиналысқа бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты. 
Жиналыс барысында қытай тілінен дұрыс аудармау нәтижесінде жаңғырту жобасы аясында зауытта жаңа қондырғылар мен жабдықтар салынып жатқан түрлі учаскелерге тартылған жұмыскерлердің саны туралы қате ақпарат айтылған. Бүгінгі таңда Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасына 4760 адам тартылған. Оның 3287-сі – қазақстандық жұмыскерлер, 1473-і Қытай Халық Республикасының азаматтары (өз кәсібін жетік меңгерген, жоғары білікті инженерлер, білікті жұмыскерлер). Бұл жұмыскерлер зауыттың технологиялық қондырғыларын салу үшін тартылған. Жоғарыда айтылғандай, Шымкент мұнай өңдеу зауытының құрылыс алаңдарына тартылған шетелдік жұмыс күшінің саны 30,95%-ды құрайды, бұл басым бағыттағы маңызды жобаны іске асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күші мен жергілікті жұмыс күшінің бекітілген қатынасына толық сәйкес келеді.Жаңғырту жобасы бойынша жаңа қондырғыларды салу кезеңіне шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін барлық ресми рұқсаттар белгіленген квоталарға сәйкес беріледі. 
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен CNPC («Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы») арасында жасалған халықаралық келісім-шарттарға сәйкес Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау жобасы бойынша жаңа қондырғылардың құрылысын жүргізетін бас мердігер ретінде – мұнайгаз өнеркәсібі саласында инжинирингтік және құрылыс жұмыстарын жүргізетін ірі компаниялардың бірі – СРЕСС (China Petroleum Engineering & Construction Corporation) компаниясы анықталған. 
31 наурызда «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де Шымкент мұнай өңдеу зауытында зауытты жаңғырту жобасының бірінші кезеңінің үлкен технологиялық нысаны болып табылатын – шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар жеңіл бензин фракцияларын изомерлеу қондырғысында құрылыс-монтаждау жұмыстарының механикалық аяқталғаны туралы актіге қол қойылды. 
Қазіргі уақытта, осы нысанда іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде және бұл жұмыстарды кепілді пайдалану көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болып, ағымдағы жылдың шілдесіне аяқтау жоспарланып отыр. Қондырғы іске қосылғаннан кейін осы жылдың өзінде өндіріс көлемі ұлғайтылып, К4, К5 (Евро-4 және Евро-5 аналогы) экологиялық кластағы жоғары октанды бензин мен дизель отыны алынатын болады.Жоғарыда айтылған жұмыстардан бөлек Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жобасының екінші кезеңі аясындағы жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. Жаңғырту жобасының екінші кезеңі зауыттың шикізат өңдеу қуатын жылына 5,25 млн. тоннадан жылына 6 млн. тоннаға дейін арттыруға және шикізатты өңдеу тереңдігін жоғарылатуға бағытталған. 

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz