«Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» жобасын іске асыру аясында персоналдың біліктілігін арттыру
Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау жобасы аясында жаңадан енгізілетін және реконструкциядан өткізілетін нысандар үшін персонал дайындау басым бағыттардың бірі болып табылады.
Ағымдағы жылдың қараша айында Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің оқытушылары «ПКОП» ЖШС-нің базасында №3 технологиялық цехының 80 адамын мұнай өңдеу зауытында технологиялық процестерді жетілдірудің негізгі бағыттарына оқытты. Зауыт жұмыскерлері оқудан кейін емтихандарын жақсы тапсырып, біліктіліктерін жоғарылатқаны туралы куәліктерін алды.
Желтоқсан айында №3 технологиялық цехтың тағы да алты маманы мен басшыларын «Каталитикалық крекинг. Ректификация» мамандығы бойынша оқыту жоспарлануда. Оқуды Омск мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары мен EnertekProfi компаниясының сарапшылары өткізеді.
2018 жылдың наурыз айында жаңа жаңғырту нысандарының барлық персоналы «ПКОП» ЖШС-нің базасында «Қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік» және «Еңбекті қорғау. ҚР заңнамалық актілері» тақырыптары бойынша жаңа білім алып, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғауды сертификаттау бойынша куәлік алатын болады.
Іске қосу-реттеу жұмыстарына дейін 120 күн бұрын жобаның бас мердігері СРЕСС компаниясы мен технологиялық нысандардың лицензиарлары зауыт жұмыскерлеріне технологиялық процесті басқару және практикалық оқыту бойынша жаңадан енгізілетін нысандардың тікелей өндірістік алаңшаларында теориялық оқуларын өткізетін болады.
Бұған қоса, Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмыскерлері жыл ішінде ҚазМұнайГаз компаниясының Атырау және Павлодар қалаларындағы мұнай өңдеу зауыттарында машықтанудан өтетін болады.