/**/

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС зауытының 2017 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша баспасөз хабарламасы

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС зауытының 2017 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша баспасөз хабарламасы 

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де – Шымкент мұнай өңдеу зауытында 2017 жылы ҚР Энергетика министрлігінің жоспары бойынша 4,360 млн. тонна мұнай өңдеу жоспарланған болса, 2017 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 4,686 млн. тонна мұнай өңделген.

Бұл көрсеткіш жоспардан 326 мың тоннаға артық, жоспар 107,5%-ға орындалған. Мұнай өнімдері жоспарлы көрсеткіштен 107,5%-ға артық өндірілді, яғни 4 млн. 388 мың тонна мұнай өнімдері өндірілді. Оның ішінде 279,7 мың тонна авиакеросин өндірілді, бұл жоспардан 59,4 мың тоннаға, яғни 127%-ға артық. Жалпы өндірілетін автомобиль бензиндерінің көлемі бойынша есептегенде өндірілетін жоғары октанды бензиндердің үлесі 69,0% болады деп жоспарланса, нақтысында ол 85,8%-ды құраған, бұл жоспардан 124,3%-ға артық.

2017 жылдың маусым айында Шымкент мұнай өңдеу зауытында Жаңғырту жобасының 1 кезеңі аяқталып, халықаралық К4, К5 экологиялық кластарына сәйкес келетін мұнай өнімдерін шығаратын изомерлеу қондырғысы іске қосылды.

2017 жылдың 23 маусымында Қазақстанда мұнай өнімдерін вагон-цистерналарға саңылаусыз құюды қамтамасыз ететін, мұнай өнімдерін автоматты түрде нүктелік құятын алғашқы қондырғы зауытта іске қосылды.

15 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Шымкент мұнай өңдеу зауытында Кеден Одағының Техникалық регламентінің талаптары бойынша К-4 және К-5 экологиялық класына сәйкес келетін дизель отыны шығарыла бастады.

Жаңғырту жобасының 2 кезеңін іске асыру аясында 2017 жылдың 29 желтоқсанында жалпы зауыт шаруашылығының бір қатар нысандарының құрылысы механикалық аяқталды.

Осылайша, Шымкент мұнай өңдеу зауыты Қазақстан нарығын жоғары сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша өзіне алған міндеттемелерді толығымен орындап келеді.

2018 жылдың 30 қыркүйегінде жобаны жалпы аяқтау және мұнай өңдеу көлемін жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізуді қамтамасыз ету жоспарланған.

Жобаның бас мердігері СРЕСС (ҚХР) компаниясы болып табылады. Сондай-ақ, жобаны іске асыру үшін 30-дан астам жергілікті компаниялар тартылған.

Зауыт акцияларының 50%-ы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на, қалған 50%-ы CNPC компаниясына тиесілі.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz