/**/

Шымкент мұнай өңдеу зауыты – екі ұлттық оператор – «ҚазМұнайГаз» бен CNPC компанияларының табысты серіктестігінің үлгісі.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты – екі ұлттық оператор – «ҚазМұнайГаз» бен CNPC компанияларының табысты серіктестігінің үлгісі. 

Мақсаты Шымкент мұнай өңдеу зауыты шығаратын отын сапасын К-4, К-5 стандарттарына дейін жоғарылату, зауыттың жобалық қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізу, сондай-ақ Қазақстан нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мөлдір мұнай өнімдерінің өндірісін арттыру болып табылатын Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау ауқымды жобасын іске асыру бойынша «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мен бас мердігер болып табылатын «СРЕСС» – Қытай мұнай инженерлік-құрылыс компаниясы персоналының алдына қойылған міндеттерді сәтті орындап шығуы осындай тең басқарудың өзара тиімді ынтымақтастығының көрсеткіші болып табылады. 

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылды және 2018 жылы мұнай-газ саласындағы және Қазақстандағы маңызды оқиғалардың бірі болды. 

Ауқымды жоба «ҚазМұнайГаз-ӨМ» АҚ мен CNPC E&D компанияларынан алынған тең қарыз есебінен қаржыландырылды, сондай-ақ «Қазақстан даму банкі» АҚ-нан да қарыз алынды. Жобаны іске асыру үшін 1,8 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылды. 

Қазақстанда өндірілетін мұнай өнімдерінің жалпы көлемінің шамамен 30%-н зауыт шығаратынын ескерсек, жаңғырту жобасы бойынша жүргізілетін барлық жұмыстарды негізгі өндірісті тоқтатпай жүргізу басты шарттардың бірі болды. Кәсіби мамандардан құралған команда Жобаны белгіленген мерзімде табысты орындап шықты. 

Еске сала кетсек, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау жобасы екі кезеңде жүргізілді. Әлем бойынша ірі инвестициялық жобаларды іске асыруда мол тәжірибесі бар CNPC корпорациясының бөлімшесі – СРЕСС мұнай инженерлік-құрылыс компаниясы Жобаның бас мердігері болды. 

Жобаның бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін – жеңіл нафтаны изомерлеу қондырғысы, жылына 4,0 мың тонна күкірт өндіру қондырғысы, реконструкциядан өткізілген дизель отынын гидротазалау қондырғысы, автоматты нүктелік құю қондырғысы пайдалануға берілді. 

Жобаның екінші кезеңі бойынша – каталитикалық крекинг кешені (қуаты жылына 2,0 млн. тонна); каталитикалық крекинг бензинін гидротазалау қондырғысы (қуаты жылына 1,0 млн. тонна); қанықпаған көмірсутекті газдарды күкіртсіздендіру қондырғысы (қуаты жылына 303,1 мың тонна); сілтіні тазалау қондырғысы (қуаты жылына 6,0 мың тонна); қаныққан көмірсутекті газдарды күкіртсіздендіру қондырғысы (қуаты жылына 145,0 мың тонна); күкірт өндіру қондырғысы (қуаты жылына 15,0 мың тонна); С3/С4 фракцияларын бөлу қондырғысы (қуаты жылына 301,9 мың тонна); аминді регенерациялау қондырғысы (қуаты жылына 1,345 мың тонна); қышқыл ағызынды суларды буландыру қондырғысы (қуаты жылына 792,1 мың тонна); қысқа циклді адсорбциялау қондырғысы (қуаты жылына 209,8 мың тонна) қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ, қуаты жылына 6,0 млн. тонналық ЛК-6У кешенінің АТ қондырғысы реконструкциядан өткізілді. 

Осылайша, Жоба іске асырылғаннан кейін шығарылатын өнімнің көлемі мен ассортименті көбейді. 

Зауыттың тазалау құрылғыларын жаңғырту жұмыстары аяқталды. «Жабық» орындалған және «жер үсті» типті жабдықтарды пайдалану атмосфералық ауаға және топырақ қабатына эмиссиялардың (зиянды заттардың) тасталуын болдырмайды және жылына 1,5 млн. м3-ге дейін таза суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Атмосфераға шығарылатын көмірсутектер мен басқа да ластағыш заттардың шығарындыларын 90%-ға дейін азайтуға, ал қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің шығарындыларын 21%-ға дейін азайтуға қол жеткізілді. Сондай-ақ, ҚР Экологиялық кодексінің 288 бабына сәйкес және «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауды, сақтауды, жоюды және шығаруды ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес кәсіпорында пайдаланылған ток көздерін жинау үшін контейнерлер және макулатураны жинау үшін пластикалық жәшіктер қойылды. Қайта өңдеу және кәдеге жарату (жою) үшін 1000 тонна мұнай шламы шығарылды. Кәсіпорын аумағын көгалдандыру және абаттандыру аясында кәсіпорын аумағына түрлі ағаштардың көшеттері отырғызылды. Жалпы ауданы 350 кв. м. болатын күн көзінен қуат алатын батареялар мен 10 желгенераторы орнатылды. Сондай-ақ кәсіпорында экологиялық көлік түрі болып саналатын велосипедтермен және электромобильдермен жүру үшін жағдай жасалды. 

Жаңа қондырғылар іске қосылғаннан кейін «ПКОП» ЖШС-да 2017-2018 жылдары 284 жаңа жұмыс орны қосымша аттестаттаудан өткізілді. Зауыт жұмыскерлерінің 98%-ы қазақстандықтар, тек 2%-ы шетелдік азаматтар екенін айтқан жөн. 

Жобаны іске асыру кезінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жергілікті 30 компаниясы мен 4800-дей жергілікті жұмысшылары жұмысқа тартылды. 

Өзара тәжірибе алмасу аясында қытайдың мұнай өңдеу зауыттарына және салалас кәсіпорындарға барып көрулері үшін жыл сайын Компания жұмыскерлеріне Қытай Халық Республикасына сапарлар ұйымдастырылады. 

Кәсіпорын жұмыскерлеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауда жоғары көрсеткіштері үшін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС «Дүние жүзілік еңбекті қорғау күніне» орай ұйымдастырылған «Үздік қауіпсіз кәсіпорын» байқауында арнайы дипломмен және жеңімпаз кубогімен марапатталды. Өндірістік қызметтегі жетістіктері үшін және Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау жобасын іске асыруға қосқан үлестері үшін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның басшылығы мен жұмыскерлері мемлекеттік наградалармен, медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Бүгінгі таңда «ПКОП» ЖШС-да озық жаңа технологиялар, цифрландыру, өндірістік процестерді жетілдіру салаларында халықаралық тәжірибе кеңінен қолданылуда, бұған Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің ұлттық операторлары деңгейіндегі тиімді және жемісті ынтымақтастықтың арқасында қол жеткізілді десек қателеспейміз.              

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz