/**/

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:

«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесі, 2018 жылғы  16 сәуірдегі № 10/3 хаттама,  мынадай шешім қабылдады, атап айтқанда:


1. Қоғамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудит жүргізілген 2017 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы қаржылық есебі бекітілсін, ол түпкілікті бекітілу үшін Заңның 35.4-бабына сәйкес Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жеке-дара шешімдер қабылдауға құқылы Қоғамның акционеріне, дауыс беретін барлық акцияларының иесіне ұсынылсын;


2. Заңның 35.4-бабына сәйкес Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша жеке-дара шешімдер қабылдауға құқылы Қоғамның акционеріне, дауыс беретін барлық акцияларының иесіне Қоғамның таза кірісін бөлу тәртібін және Қоғамның бір жай акциясына есептегендегі 2017 жылғы түпкілікті дивидендті бекіту мәселесін неғұрлым кейінірек мерзімге қалдыру ұсынылсын.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz