/**/

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлерге және инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:

«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесі шешім қабылдады, 2018 жылғы 03 шілдедегі №11/2 хаттама: 

1. Кеңестің 2016 жылғы 20 сәуірдегі отырысының №9/2 хаттамасына сәйкес құрылған, Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген стратегиялық жоспарлау, кадрлар және сыйақы, ішкі аудит мәселелерін, әлеуметтік және өзге мәселелерді қарастыратын Кеңес комитеті таратылсын. 

2.1. Кеңес комитеті құрылсын және Кеңес комитеті туралы ереже №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2.2. Кеңес комитеті 5 (бес) адамнан құралатын мына құрамда сайлансын:

1) Тон Сяогуан – тәуелсіз директор, Кеңес комитетінің төрағасы,

2) У Линьган – Қоғамның басқарма төрағасы, Кеңес комитетінің мүшесі, 

3) Фан Цзячжун – Қоғам президенті, Кеңес комитетінің мүшесі,

4) Көшербаев Болат Елеуұлы – Қоғамның игеру және күрделі құрылыс жөніндегі вице-президенті, Кеңес комитетінің мүшесі,

5) Даминова Суфия Равиловна – Қоғамның басқарма төрағасының еңбек ресурстары және әкімшілік жөніндегі орынбасары, Кеңес комитетінің мүшесі;

2.3. Кеңестің жаңа құрамын жаңа есепті кезеңге сайлау туралы шешім қабылданған күнге дейін Кеңес комитетінің тағайындалған мүшелері мен төрағасының өкілеттік мерзімі айқындалсын. 

3.1. Кеңестің ішкі аудит жөніндегі комитеті құрылсын және Кеңестің ішкі аудит жөніндегі комитеті туралы ереже №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3.2. Кеңестің ішкі аудит жөніндегі комитеті 5 (бес) адамнан құралатын мына құрамда сайлансын:

1) Тон Сяогуан – тәуелсіз директор, Кеңестің ішкі аудит жөніндегі комитетінің төрағасы,

2) У Линьган – Қоғамның басқарма төрағасы, Кеңестің ішкі аудит жөніндегі комитетінің мүшесі,

3) Фан Цзячжун – Қоғам президенті, Кеңес комитетінің мүшесі,

4) Ян Минюй – «ПетроҚазақстан» компаниялар тобының қаржы жөніндегі вице-президенті, Кеңестің ішкі аудит жөніндегі комитетінің мүшесі,

5) Ван Ляньцзе – Қоғамның қаржы директоры, Кеңестің ішкі аудит жөніндегі комитетінің мүшесі;       

3.3. Кеңестің жаңа құрамын жаңа есепті кезеңге сайлау туралы шешім қабылданған күнге дейін Кеңестің ішкі аудит жөніндегі комитетінің тағайындалған мүшелері мен төрағасының өкілеттік мерзімі айқындалсын.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz