/**/

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлерге және инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:

1) Фан Цзячжун мырзаның Қоғамның президенті, басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттіктері 2018 жылғы 25 шілдеде тоқтатылсын. 

2) Вэй Юйсян мырза 2018 жылғы 26 шілдеден бастап Қоғамның президенті, басқарма мүшесі болып сайлансын және оның өкілеттік мерзімінің басқарманың өкілеттік мерзімімің аяқталуымен бір уақытта аяқталатыны айқындалсын; Қоғамның президенті, басқарма мүшесі Вэй Юйсян мырзаның лауазымдық айлықақысы онымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған еңбек шартына сәйкес белгіленсін; Қоғамның президенті Вэй Юйсян мырзаға өзге компаниялар мен ұйымдардағы лауазымдарды қоса атқаруға рұқсат берілсін. 

3) Фан Цзячжун мырза стратегиялық жоспарлау, кадрлар және сыйақы, әлеуметтік және өзге мәселелерді, сондай-ақ ішкі аудит мәселелерін қарастыратын Кеңес комитеттерінің құрамынан шығарылсын; Қоғамның президенті Вэй Юйсян мырза стратегиялық жоспарлау, кадрлар және сыйақы, әлеуметтік және өзге мәселелерді, сондай-ақ ішкі аудит мәселелерін қарастыратын Кеңес комитеттерінің мүшесі болып сайлансын және оның өкілеттік мерзімінің Кеңес комитеттерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуымен бір уақытта аяқталатыны айқындалсын.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz