/**/

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:

«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесі шешім қабылдады, 2019 жылғы 18 наурыздағы № 18/3 хаттама, атап айтқанда:

1. У Линьган мырзаның Қоғамның басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі 2019 жылғы “18” наурыздан бастап тоқтатылсын.

2. Чжао Сяомин мырза 2019 жылғы “19” наурыздан бастап Қоғамның басқарма төрағасы болып сайлансын және оның өкілеттік мерзімінің басқарманың өкілеттік мерзімімің аяқталуымен бір уақытта 2021 жылы 24 шілдеде аяқталатыны айқындалсын;  Қоғамның басқарма төрағасы Чжао Сяомин мырзаның лауазымдық айлықақысы онымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған еңбек шартына сай белгіленсін.

3. Чжао Сяомин мырза стратегиялық жоспарлау, кадрлар және сыйақы, әлеуметтік мәселелерді және Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген өзге мәселелерді қарастыратын Кеңес комитетінің, сондай-ақ ішкі аудит мәселелерін қарастыратын Кеңес комитетінің құрамынан шығарылсын; Қоғамның басқарма төрағасы Чжао Сяомин мырза стратегиялық жоспарлау, кадрлар және сыйақы, әлеуметтік мәселелерді және Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген өзге мәселелерді қарастыратын Кеңес комитетінің, сондай-ақ ішкі аудит мәселелерін қарастыратын Кеңес комитетінің мүшесі болып сайлансын және оның өкілеттік мерзімінің Кеңес комитеттерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуымен бір уақытта аяқталатыны айқындалсын.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz