/**/

«АРЫС, БІЗ БІРГЕМІЗ!»

«ПетроҚазақстан» компаниясының ұжымы – «АРЫС, БІЗ БІРГЕМІЗ!»: 

Арыс қаласында болған төтенше оқиға бүкіл қазақстандықтарды біріктірді. «Арыс, біз біргеміз» деген ұранмен компаниялар, мемлекеттік қызметшілер және басқа да қазақстандықтар бір күндік жалақыларын ерікті түрде аударып, гуманитарлық көмек жіберген.

Арыс қаласында орын алған жан түршігерлік оқиға «ПетроҚазақстан» компаниясының барлық бөлімшелерінің еңбек ұжымын бей-жай қалдырған жоқ. Кенорнындағы қолдау қызметінің жетекші маманы Нұржан Байжігітов Арыста зардап шеккендерді қолдау үшін, жұмыскерлердің бір күндік жалақысын табыстау бастамасымен «ПҚҚР» АҚ компаниясының басшылығына жүгінді.

Нәтижесінде 2 167 000 теңге жиналды. 19 шілде күні компанияның бастамашыл тобы Арыс қаласындағы жан түршігерлік оқиға орнына шықты. Қала шартты түрде 17 секторға бөлініп, әрбір секторға облыс бекітілді. Қызылорда облысы бекітілген № 6 секторда жалпы саны 1 546 адам құрайтын 283 үй орналасқан. Жауапты тұлғалармен проблемаларды талқылап, «Мектепке жол» республикалық науқаны аясында көмек көрсетуге шешім қабылданған болатын.

15 тамыз күні Нұржан Байжігітов бастаған бастамашыл топ балаларға мектеп формасын беру мақсатымен Арыс қаласына шықты. Бұл топтың құрамына Ақтолқын Сұлтангереева, Андрей Тайгунов, Альфия Шакирова, Мадина Аушен, Алмас Жанбекеев, Ербол Асқар және Азат Досмағанбетов кірді. Науқан барысында 165 бала (бастауыш сынып оқушылары) тұратын 119 отбасы қамтылған болатын.

Жергілікті мешіт ауласында қалалық білім беру бөлімінің, «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдері «Мектепке жол» науқанын ұйымдастырды. Нұржан Байжігітов арыстықтарға қолдау көрсетіп, жылы сөздер айтты: – Бұл оқиға қазақстандықтардың адамгершілігін, ниеттестігін және бір-біріне қиын кезде көмекке келуге дайындығын көрсетті. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ еңбек ұжымы мыңдаған қазақстандықтармен бірге сіздерді уайымдады. Бүгін, еңбек ұжымының атынан, біз әр үйге, әр отбасыға бақыт, жақсылық пен әл-ауқатты болуды тілейміз. Балаларыңыз өз жетістіктерімен қуанта берсін.»

ПетроҚазақстан компаниясының бастамашыл тобы балаларға мектеп формасын табыстады. Балалардың көздері қуаныштан жайнап, олардың ата-аналары көрсетілген көмек үшін алғыс білдірді.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның қызметкерлері «Арыс, біз біргеміз» науқанына белсенді түрде қатысқан. Дислокация орталығы Шымкент қаласында орналасқандықтан, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС қызметкерлерінің ешқайсысы шетте қалған жоқ. Зауыттың бірінші жетекшілерінен бастап мамандарға дейін, сондай-ақ, компанияның кәсіподақ ұйымы Арыс қаласында зардап шеккендерге көмектесті. «ПҚОП» ЖШС мен ПҚОСИ Алматылық филиалының қызметкерлері мүмкіндіктеріне қарай өздерінің жеке қаражатын бөлді. Жиналған ақшаға зардап шеккен халыққа ең қажетті заттар (азық-түлік, жеке гигиена заттары, төсек-орын заттары, киім-кешек және т.б.) сатып алынды. Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарын Сарыағаштан Шымкентке тасымалдау үшін, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ пен «ПҚОП» ЖШС-ның жас мамандар кеңесінің төрағасы Сәдібек Лесбек екі сағат ішінде компания басшылығының қолдауымен бәрін ұйымдастырған команда жинады. 60 адамды Шымкентке апарып, оларды мектепке орналастырды. Сондай-ақ, олар ең бірінші тамақпен және басқа да қажетті көмекпен қамтамасыз етілді.

«ПҚОП» ЖШС-ның және «ПҚҚР» АҚ-тың

қоғаммен байланыс жасау бөлімі

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz