/**/

Ағымдағы жылғы 19 сәуірде Құмкөл кен орнында кезекті «ӨРТТІ СӨНДІРУДЕН ГӨРІ, ОНЫ АЛДЫН АЛУ ОҢАЙ» атты жыл сайынғы байқау басталды.

Ағымдағы жылғы 19 сәуірде Құмкөл кен орнында кезекті «ӨРТТІ СӨНДІРУДЕН ГӨРІ, ОНЫ АЛДЫН АЛУ ОҢАЙ» атты жыл сайынғы байқау басталды.
Жыл сайын Құмкөл кен орнында қызметкерлер арасында өрт қауіпсіздігін насихаттау мақсатында «Өртті сөндіруден гөрі, оны алдын алу оңай» атты байқау өткізіледі. 
Бұл жолы да, 5-ші байқауда, 16 команда, соның ішінде, Құмкөл және ҚАМ кен орындарының «ПҚҚР» АҚ-ның қызметтері мен бөлімшелері, сондай-ақ «Көлжан» ЖШС Тұзкөл кен орнының құрама командасы байқаудың ауыспалы кубогын иелену құқығына таласты. 
Байқаудың негізі төтенше жағдайлардағы тәжірибелік дағдылар мен отаншылдықты жетілдіру болып табылады.
Талапкерлер жаттығулардың екі түрін орындау жылдамдығы мен дәлдігі бойынша командалық жұмыста жарысты: 
1. Кедергілері бар 100 метрлік алқапты өту және жанып жатқан сұйықтықты ұнтақты өрт сөндіргіш пен отқа төзімді матаның көмегімен сөндіру: Бірінші кезеңде командалар толық құрамымен лабиринттен өтіп шығады, екінші кезеңде «Drager» тыныс алу аппаратының маскаларын киіп, эстакада арқылы түтінге оранған аймақтан жүгіріп шығады, ал үшінші кезеңде ысырманы жауып, өртті сөндіруге кіріседі.Жаттығу барлық жану ошақтарын сөндіруді аяқтағаннан және команданың соңғы мүшесі мәре сызығын кесіп өткеннен кейін орындалған болып саналады. 2. Өртті өрт сөндіру кранымен (ДК) сөндіру: Команданың барлық мүшелері жарысқа кірісіп, өрт сөндіру кранына жүгіріп келеді, су себетін түтік құбыр желісін тартады, өрт сөндіру кранын ашады да, желіге су жібереді, содан кейін өрт сөндіру оқпанымен өртті сөндіруге кіріседі.Өрт ошағына арнайы жасалған нысана ұқсатылған.Су ағынын нысананың (өрт ошағы) саңылауына бағыттай отырып, команда 10 литрлік ыдысты толтыруы керек. Жаттығу нысанадағы шамшырақ пен дыбыс сигналының іске қосылғаннан кейін орындалған болып саналады.Өрт өзінің мәні бойынша күтпеген және талқандағыш құбылыс болып табылады. Өрттің бастапқы туындаған сатысында оны жою бойынша іс-шараларды қолданбаса, ол ұлғая отырып, әр түрлі бағытта тез және бақылаусыз таралуы мүмкін.
Өрттің дамуына, өрт жүктемесіне қосымша, қолайсыз ауа-райы жағдайлары, атап айтқанда, жел ықпал етеді. Сонымен қатар, көптеген жағдайда өрттер өртке қарсы техниканы енгізуге қол жетпейтіндіктен – ауыр түтін мен өрт сөндіруге кедергі жасайтын түрлі құрылыстар салдарынан өршиді. Алайда, пайда болған өрттер кез келген жағдайларда шартсыз түрде сөндірілуі тиіс.
Байқау бағдарламасы мен оны өткізу әдісі барлық осы өлшемдерге барынша сай келген, және қатысушылардың өздері үшін де, көрермендер үшін де қызықты болды.
Мысалы, байқау өткізілуі кейде 10-15м/с-қа дейін жететін жел екпінімен ілескен. 
Жаттығуларды орындау түрлі кедергілермен қиындатылған болды. Бұл да сайысқа барынша шынайылығын беріп, бәсекелестіктің жоғары рухының бар болуына жағдай жасады. Командалардың мүшелері байқаудың шарттарын орындай отыра, өздерінің біліктілігін арттырып, көптеген жанкүйерлер мен көрермендерге, төтенше жағдайларда өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдері мен бірлескен жұмыс әдістерін көрсете білді. 
Табан тірескен сайыстың нәтижелері бойынша, жеңімпаз және байқаудың ауыспалы кубогының келесі иесі болып қажетті шарттарды орындауға ең аз уақыт жұмсаған (84,57 сек.) Тұзкөл кен орнының командасы атанды.Құрмет тұғырының екінші орнына жалпы уақыты 85,56 секундты құраған Мұнай мен газды өндіру цехының командасы көтерілді.
Үшінші орынды, 2016 жылдың жеңімпазы, Бас мұнай айдау станциясы командасын 4 секундқа оза Газды кәдеге жарату цехының командасы иеленді (90,54 сек.)
Осылайша, 2017 жылы, байқауды жаңа жеңіпаз жеңіп алды, бұл кубок (осы сәтке) өзінің ауыспалы атауын өзіне қалдырды дегенді білдіреді. Байқаудың ережелеріне сәйкес, қатарынан екі рет бірінші орынға ие болған команда ауыспалы кубокты өзіне біржола қалдырады.
Жүлделі орындарға ие болған командалар байқау дипломдарымен, ал қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бірінші орынды иеленген Тұзкөл кен орнының команда мүшелері «Samsung Galaxy J2» смартфондарымен, тиісінше екінші және үшінші орындарға ие болған Мұнай мен газды өндіру цехының және Газды кәдеге жарату цехының командалары шаңсорғыштар және тұмшапештермен марапатталды. 

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz