/**/

«Балаларға Ғұмыр Сыйла» акциясы бойынша баспасөз мәжілісі

2009 жылғы 15 шілдеде сағат 11.00-де, Алматы қаласындағы  «28 Панфиловшы» саябағында «Милосердие» Ерікті Қоғамы» қоры жыл сайын өтетін «Балаларға Ғұмыр Сыйла» акциясының аралық нәтижелері бойынша баспасөз мәжілісін өткізді. «ПетроҚазақстан» компаниясы – «ДОМ» Қоғамдық Қорының, сондай-ақ қордың көптеген акцияларының, соның ішінде «Балаларға Ғұмыр Сыйла» акциясының демеушісі. Көптеген адамдар мен ұйымдардың күш-қуатының нәтижесінде, қаражат жинаудың түрлі тәсілдерімен Қазақстанның 143 баласына (біздің Республикасының барлық аймақтарында) көмек көрсетілді.

Әлеуметтік Қордың жетекшісі, Аружан Саин компанияның қызметтеріне рахмет айтып, немқұрайдылық танытпай, адамгершілік көрсетіп балалар үйлері, мүгедек балалар, әл-ауқаты нашар және көп балалы отбасылары үшін сыйлықтар жинау бойынша бір дүркін акцияларға; «Балаларға Ғұмыр Сыйла», «Қосымша бір зат сатып ал» атты ірі акцияларға ат салысқан баршаға алғысын білдірді.

«Милосердие Ерікті Қоғамы»нан қосымша ақпарат: Біз «Балаларға Ғұмыр Сыйла» атты тұрақты Акцияны өткізіп, оның шеңберінде біз Қазақстанда емдеуге мүмкіндік жоқ балаларды емдеу және операция жасау үшін қаражат жинауды жүзеге асырамыз. Біздің Қор тек жеке және заңды тұлғалардың қайырмалдықтарының арқасында жұмыс істейді, сондықтан да қайғылы жағдайға ұшыраған әрбір сәбидің тағдырына жанашырлықпен қарайтын,  немқұрайды емес, қайырымды адамдардың арқасында ғана біздің балаларымызға көмек көрсетуге мүмкіндік туып отыр. Біз балаларға көмек көрсетудің түрлі жолдарын табуға тырысамыз және біздің қайырымдылық  акциясы қажет болмайтын, ал бізге, Қазақстанға шетелден науқас адамдар емделуге келетін уақыт әлі де туады деп үміттенеміз. www.detdom.kz

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz