/**/

Бүгін Шымкент мұнай өңдеу зауытында («ПҚОП» ЖШС) ҚР Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сай мұнайды бастапқы өңдеу кешенінде жоспарлы-алдын алу жұмыстары аяқталды.

Қысыммен жұмыс істейтін 227 түтікше, 12 технологиялық пеш, 54 технологиялық құбыр бойынша жабдыққа техникалық куәландыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы жүргізілді. Жоспарлы-алдын алу жұмыстарына ПҚОП персоналынан басқа, 32 мердігер ұйымынан 2 110 адам жұмылдырылды. Зауытта іске қосу процедуралары басталды.

Дереккөз : https://t.me/kmgpress

Источник : https://t.me/kmgpress

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz