/**/

Геолог күніне наградалар

Геолог күніне наградалар

Қазақстанда жыл сайын сәуір айының алғашқы жексенбісінде еліміздің геологтары өздерінің кәсіптік мерекесі – Геолог күнін атап өтеді.

Мейрам құрметіне орай «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ қызметкерлері ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және Қызылорда облысы әкімдігінің наградаларымен атап өтілді.

Үстіміздегі жылғы сәуір айының алғашқы онкүндігінде компания басшылығының қатысуымен наградаларды салтанатты түрде тапсыру рәсімі болып өтті.

Геология саласына сіңірген еңбегі үшін Геология және игеру департаментінің жетекші геологы Олег Когай  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Жер қойнауын барлаудың үздігі» атағына ие болды. Қызылорда облысы Әкімінің Алғыс хаттарымен 1-ші санаттағы петрофизик Күлшім Бимағанбетова мен Өндіру технологиясы тобының жетекшісі Сұлтанай Құлманов атап өтілді. 

Әріптестерді наградаларымен құттықтаймыз және компанияның өсіп-өркендеуіне үлес қосып алдағы уақытта да жаңа табыстарға жете берулеріне тілектестігімізді білдіреміз!  

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz