/**/

Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды!

Жыл сайын «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС басшылығы зауытта жұмыс істейтін Ауған соғысының ардагерлерін өздерінің мерекесімен, яғни Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылған күнімен құттықтап келеді. Биыл да, 13 ақпанда Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шығарылған Күніне орай интернационалист-ардагер жауынгерлерді  салтанатты жағдайда құттықтайды.
Биыл, 2015 жылы ПетроҚазақстанда жұмыс істейтін интернационалист, ардагер жауынгерлердің мерекесіне байырғы достары – ҚР Ауған және жергілікті соғыс ардагерлер одағының Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, бұрын зауытта жұмыс істеген интернационал-жауынгерлердің жесірлері шақырылды. 
        «ПКОП» ЖШС басшылығы ардагерлерге зор денсаулық және жұмыстарының жемісті болуын тіледі. 14 адамнан тұратын Ауған соғысы ардагерлерінің тобын «ПКОП» ЖШС Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің сайланбалы төрағасы Қалдыкөзов Бақтыбек басқарады.
«ПКОП» ЖШС, зауытта жұмыс істейтін Ауған соғысының ардагерлеріне жыл сайын Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылған күнін мерекелеуге қажетті ақылы 3 күн және әрқайсысына ақшалай сыйақы және емдік-сауықтыру демалыстары үшін санаторийларға тегін жолдама бөліп келеді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz