/**/

Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды!

Жыл сайын «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС басшылығы зауытта жұмыс істейтін Ауған соғысының ардагерлерін өздерінің мерекесімен, яғни Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылған күнімен құттықтап келеді. Биыл да, 18 ақпан күні Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай интернационалист-ардагер жауынгерлерді  салтанатты жағдайда құттықтайды. Биыл, 2014 жылы ПетроҚазақстанда жұмыс
істейтін интернационалист, ардагер жауынгерлердің мерекесіне байырғы достары

– ҚР Ауған және жергілікті соғыс ардагерлер одағының Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының өкілдері, қалалық әскери комиссариаттың
 Бастығы Шегебаев А, ҚР ҰҚК шекара әскерлері аймақтық басқармасы бастығының орынбасары Төлегенов А. Сондай-ақ, бұрын зауытта жұмыс істеген интернационал-жауынгерлердің жесірлері шақырылды. 
      «ПКОП» ЖШС басшылығы ардагерлерге зор денсаулық және жұмыстарының жемісті болуын тіледі.
     13 адамнан тұратын Ауған соғысы ардагерлерінің тобын «ПКОП» ЖШС Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің сайланбалы төрағасы Қалдыкөзов Бақтыбек басқарады.
«ПКОП» ЖШС, зауытта жұмыс істейтін Ауған соғысының ардагерлеріне жыл сайын Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылған күнін мерекелеуге қажетті ақылы 3 күн және әрқайсысына ақшалай сыйақы және емдік-сауықтыру демалыстары үшін санаторийларға тегін жолдама бөліп келеді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz