Жаңарту

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – Түркістан облысында орналасқан мұнай өңдеу зауыты.  1985 жылы салынған зауыт Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының бірі болып табылады.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС отандық мұнай өңдеу зауыттарының дамуына ат салысатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес өзінің кең ауқымды «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құру» жобасын аяқтады. Бұл ірі жоба «ҚазМұнайГаз – ӨМ» АҚ және CNPC E&D тараптарынан тең үлесте қаржыландырылды. Несие мемлекеттік бағдарламаның ірі инвестициялық операторлардың бірі – Қазақстанның Даму Банкінің көмегімен жүзеге асырылды. Жобаны іске асыру үшін салынған инвестициялардың көлемі 1,8 млрд. АҚШ долларын құрады. ШМӨЗ-ді жаңғырту жобасының аяқталуы – Қазақстанның 2018 жылы индустриялық дамуындағы ең маңызды оқиғаларының бірі болды.

Жобаның іске асырылуы 2011 жылы басталып, 2018 жылдың соңына қарай аяқталды.  Жобаның негізгі мақсаты – зауыттың жұмысын қайта өңдеу, зауыттағы қызметтердің заманауи халықаралық стандарттарына сәйкес келетін деңгейге жеткізу болған. 

Осыған орай бірнеше мақсат көзделді:

зауыттың мұнай өңдеу бойынша жобалық қуатын жылына 5,25 тоннадан 6 млн тоннаға дейін арттыру, сондай-ақ, қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мөлдір мұнай өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту;

мұнайды өңдеу ауқымдылығын арттыру;

кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қозғалтқыштарға арналған К-4 және К-5 экологиялық класстағы жанармайларын өндіру сапасын жақсарту;

өндірістің экологиялық қауіпсіздігінің сапасын жоғарылату.

Жоба 2 кезеңмен жүзеге асырылды:

1-кезең – Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қозғалтқыштарға арналған К-4 және К-5 экологиялық класстағы жанармайларының өндірілуін қамтамасыз ету мақсатында жаңа технологиялық қондырғылар мен жалпы зауыттық шаруашылық нысандарын құрастыру және қолданыстағы қондырғылар мен нысандарды қайта құру.

Бірінші кезең аясында іске асырылған жобалар:

1) дизельдік жанармайды гидротазалау (ДЖ ГТ) қондырғысын қайта құру. 

Жұмыстарды орындаған мердігер: «ДО КНИСГ» ЖШС:

2) күкіртті өндіру қондырғысын құрастыру. 

Жұмыстарды орындаған мердігерлер: CPE, «Мастер Строй» ЖШС: 

2-кезең аясында іске асырылған жоба – жобалық қуатты жылына 6 млн. тоннаға дейін қалпына келтіру мақсатында жаңа технологиялық қондырғылар мен жалпы зауыттық шаруашылық нысандарын құрастыру және қолданыстағы қондырғылар мен нысандарды қайта құру. 

Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту жобасының екінші кезеңінің аясында келесідей технологиялық қондырғылар құрастырылған болатын:

Осы қондырғыларды қолданысқа енгізудің арқасында зауыттағы өңдеу сапасын арттыру, сондай-ақ, К4 және К5 экологиялық класстарына сай болып келетін бензин мен дизель жанармайларын өндіру көлемдерін айтарлықтай ұлғайту мүмкіндігі пайда болды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz