/**/

ЖОО мен зауыттың қатынасы

20-қазанда М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «мұнай өңдеу және мұнай химиясы» кафедрасы өзінің 50 жылдығын атап өтті. Мерейтойды атап өту және спецификалық және қымбат тұратын зертханалық жабдықты жарақтандыру үшін кафедраға «ПКОП» ЖШС 3 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Зауыт пен ЖОО-ның тығыз қарым-қатынасы арқасында білім беру бағдарламалары іске асырылуда, курстық жобалардың тақырыптары түзетілуде, оқу жоспарлары дайындалуда, өндірістік практика кезінде оқу-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Кафедраның көптеген түлектері зауытта жұмыс істеуде және жоғары білікті, кәсіби мамандар болып табылады.
ЖОО мен ШМӨЗ арасындағы ынтымақтастық әрдайым жемісті болғаны маңызды!

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz