/**/

Журналистер арасындағы конкурс

Құмкөл кенішін өнеркәсіптік игерудің 25 жылдығына арналған

бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ашық конкурс туралы ереже

Жалпы ережелер
1. Құмкөл кенішін өнеркәсіптік игерудің 25 жылдығына арналған бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы конкурс облыс көлемінде өткізіледі.
2. Конкурты ұйымдастырушылар «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, үйлестірушісі «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімі болып табылады.

Конкурстың мақсаты
Конкурстың мақсаты журналистер мен БАҚ-тың қатысуын белсендіру және Құмкөл кенішін игеру тарихы мен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мұнай компаниясының даму перспективаларын ашып көрсететін материалдардың (жарияланымдар, теле және радиосюжеттер) электронды және баспа БАҚ-та жарыққа шығуына ықпал ету.

Конкурстың қатысушылары
Теле, радио және баспа БАҚ пен журналистер;

Конкурстың номинациялары
 – «Баспа БАҚ-тағы мемлекеттік тілдегі үздік жарияланым»
 – «Баспа БАҚ-тағы орыс тіліндегі үздік жарияланым»
 – «Мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі үздік телерепортаж»

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
1. Конкурсқа 2011 жылғы 5 шілдеден 5 қыркүйекке дейінгі аралықта  жарияланған және эфирге шыққан материалдар қабылданады.
2. Конкурсқа ұсынылған материалдар мына критерийлер бойынша бағаланады:
1) хабарлар мен жарияланымдардың кәсіптік деңгейі (мақсатты топтардың қабылдауына қол жетімділік, суреттеу тәсілдерін дәл пайдалану, екпіндерді айқын қою);
2) белгіленген тақырыпқа сәйкестігі;
3) шығармашылық міндетті шешудегі жаңашылдық және кәсіби шеберлік;
4) проблеманы талдау тереңдігі және ашып көрсетудегі бара-барлық;
5) айқындылық және логикалық негізділік;
6) стилі, жазылу тілі, техникалық сапасы;
7) авторлық тұжырымның дербестігі;
8) жарияланымда немесе аудиовизуалды жұмыста берілген ақпараттың нақтылығы мен дәйектілігі;
10) журналистиканың этикалық қағидаттарына сәйкестігі;
11) сыртқы ресімдеу.
3. Конкурс материалдарында мыналар қамтылуға тиіс:
1) Бас редактор куәландырған өтінім;
2) Шыққан күні мен басылым нөмірі көрсетілген жарияланымның түпнұсқалары немесе куәландырылған көшірмелері;
3) Бейнематериалдар бұқаралық ақпарат құралдары мен эфирге шыққан күні мен уақыты көрсетілген CD дискілерге жазылып ұсынылады;
4) Автор туралы мәліметтер:
Конкурсқа дербес қатысушылар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы және жұмыс орны, мекенжайы, байланыс телефондары, электронды пошта адресі, ұсынылған материалдардың қысқаша аңдатпасы;
Редакциялар мен авторлық ұжымдар үшін – бұқаралық ақпарат құралдарының атауы, мекенжайы, байланыс телефондары, электронды пошта адресі, ұсынылған материалдардың қысқаша аңдатпасы.
4. Конкурс материалдары «БАҚ арасында конкурсқа» белгісімен мына мекенжайда қабылданады: Қызылорда қ., Қазыбек би к-сі., 13, 120-каб., «ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімі, байланыс телефондары: 29-95-60, 29-97-02, 29-92-93.
5. Конкурсқа жіберілген жұмыстар қайтарылмайды, авторларға рецензиялар берілмейді.

Конкурстың өткізілуін ұйымдастыру
Конкурс үш кезеңмен өткізіледі:
1-ші кезең – 2011 жылғы 5 шілдеден мен 5 қыркүейкке дейін – конкурс материалдарын қабылдау.
2-ші кезең – 2011 жылғы 5 және 10 қыркүйек аралығында – материалдармен танысу және жеңімпаздарды анықтау.
3-ші кезең – 2011 жылғы 10-15 қыркүйек аралығында – конкурсты қорытындылау және жеңімпаздарын марапаттау рәсімі.

Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz