Кен орындарын дамыту

«ПетроҚазақстан» компаниясы әрқашан мұнай өндіруді кен орындарының коммерциялық тұрғыдан құнды жаңа ашылымдарымен алмастыруға тырысып келеді. Осы негізде компания Оңтүстік Торғай бассейнінде операцияларды жүзеге асыратын бірегей ірі мұнай кәсіпорны ретінде барлау бағдарламасын тұрақты жүзеге асыра отырып, өңірдің әлеуетін барынша толық іске асыру үшін осы бағдарламаны жалғастыруды міндетіне алған.

Қазіргі уақытта ПҚҚР компаниясында Құмкөл (оңтүстік-шығыс бөлігі), Құмкөл Оңтүстік, Шығыс Құмкөл, Солтүстік Нұралы, Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ, Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ, Қарабұлақ кеніштерінен көмірсутек шикізатын өндіруге жасалған тоғыз келісімшарт және Қарағанды облысындағы №4508 және №1928 келісімшарттық аумақтардан  (Солтүстік Қарабұлақ, Бұқарсай) көмірсутек шикізатын барлауға жасалған екі келісімшарт бар. Сондай-ақ компания тиісті материалдық базаны, кәсіби біліктілікті, дағдыларды, жұмыс күшін және басқа да барлық қажетті құралдарды иемдене отырып, бөгде ұйымдарға өндіру және барлау жүргізу, соның ішінде «Көлжан» ЖШС-ға Солтүстік-Батыс Қызылқия, Батыс Тұзкөл, Кетеқазған Солтүстік кеніштерінде мұнай өндіру және Тұзкөл, Жаңбыршы, Тасқұдық барлау алаңдарынан көмірсутек шикізатын барлау, «ПетроҚазақстан Венчерс Инк.» компаниясына Оңтүстік-Шығыс Досжан, Досжан, Оңтүстік Досжан және Жамансу барлау алаңдарынан көмірсутек шикізатын барлау бойынша қызмет көрсетуде.

Қазіргі уақытта компания Бұхарсай, Солтүстік Қарабұлақ кеніштерін сынамалы пайдалануда. Сынамалық пайдаланудың мақсаты – кенжатындардың геологиялық-физикалық сипаттамасы, ұңғымалардың өнімділігі туралы қосымша ақпарат алу, қорларды әрі қарай есептеу және кенішті өнеркәсіптік игеруге енгізу үшін өнімді горизонттардың өндіру мүмкіндіктерін бағалау және белгілеу.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz