/**/

Компанияның VIII Халықаралық мұнай форумына және «КазЭнерджи» көрмесіне қатысуы.

7 қазан күні форум және «КазЭнерджи» көрмесі қарсаңында стратегиялық коммуникациялар департаменті «ПетроҚазақстан – ол біз» корпоративтік кітап-альбомнің тұсаукесеріне орай баспас-з маслихатын ұйымдастырды. Баспасөз маслихатына ҚР Мұнай және газ министрі Ұ.С.Қарабалин, ҚР Парламент Сенаторы Е.К. Астаев, сондай-ақ ықпал ету тобына кіретін әлеуметтік жобалар бойынша танымал қоғамдық қайраткерлер: ҚСРО Халық әртісі Б.Төлегенова, есімі аңызға айналған боксшы, ҚР Бокс федерациясының вице-президенті С.Қонақбаев қатысты. Министр Қарабалин өз сөзінде: «Бұл фотосурет альбомы үш мыңнан астам жұмысшылар қызмет ететін мұнай-газ кешенінің ең басты капиталы адам екендігін ашық көрсетуге мүмкіндік береді. Әрбір жұмысшы қосқан үлесінің арқасында бүгінгі таңда қазақстандық мұнай-газ кешенінде оң нәтижелер қамтамасыз етілуде, және де келешекте жақсы бастамаларға  негіз болып отыр», – деп атап өтті, және осы сөзі арқылы басқа компанияларды ПҚ-дан үлгі алуға және мұнайшы мамандығының имиджін көтеруге шақырды. Министр сонымен қатар форумның аясында өткен жастар съезінде мұнай мамандығын таңдаған студенттерге арнап мастер-класс өткізу барысында осы жобаның маңыздылығын атап көрсетті.

8 қазан күні компания VIII Халықаралық мұнай форумында және «ҚазЭнерджи» көрмесіне қатысты. Компанияның көрмеге дайындаған арнайы стенді де «ПетроҚазақстан – ол біз» кітап-альбомнің тұсаукесеріне арналды. ҚР Премьер-министрі С.Н.Ахметов басқарып отырған делегация да альбоммен танысты және оған жоғары баға берді. Форум аясында «Мұнайшы» корпоративтік журналымызға да ерекше баға берілді. Мұнай-газ компанияларының арасында өткізілген ең жақсы корпоративтік басылым бойынша өткен сайыста журнал ең үздік танылып, басты жүлде иеленді. Компанияның форум және көрмедегі қатысуына байланысты барлық іс-шаралар бұқара ақпарат құралдарында кеңінен үйлестірілді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz