Қызылорда облысы
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» – облыстың әлеуметтік саласын дамытуға, сондай-ақ Қызылорда облысында өткізілетін көптеген қайырымдылық және демеушілік акцияларға белсенді қатысатын әлеуметтік-жауапты компания.
ПҚҚР үшін басымдықтардың бірі қоғамның әл-ауқатын жақсартуға және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған қайырымдылық және демеушілік іс-шаралардың тиімділігі мен әлеуметтік маңыздылығын арттыру болып табылады. Бұл жұмыстың басты критерийі-атаулы, мақсатты көмек. Бұл ретте ұзақ мерзімді бағдарламаларға, халықтың қорғалмаған топтарына, балаларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге, денсаулық сақтау жүйесіне, спорт, мәдениет және өнер мекемелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Компанияның жыл сайынғы дәстүрлі қайырымдылық жобалары:
Жаңа жыл және Наурыз мейрамдарында компанияның 180 зейнеткеріне, өндірісте мертіккен қызметкерлерге және асыраушысынан айырылған отбасыларға азық-түлік жиынтығын тарату Акциясы. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Компания мерекені толығымен қаржыландырады, қалалық білім бөлімі ұйымдастырған барлық балалар байқауларына 5000 порция балмұздақ және сыйлықтар сатып алады.
Оқу жылы қарсаңында «Бірінші сынып оқушысы» және «Мектепке жол» акциялары шеңберінде компания облыстың аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан 100-ден астам балаға мектеп керек-жарақтарының толық жиынтығы бар сөмке-ранецтер сыйлайды.
1998 жылдан бастап компания Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі мүгедек балаларға арналған “Шапағат” оңалту орталығына қолдау көрсетіп, 2001 жылдан бастап толық қаржыландырып келеді.
Сондай-ақ, 2001 жылдан бастап Жаңақорған ауданында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ «Балдәурен» қоғамдық қорының жанындағы жетім балаларға арналған 50 орындық «Балғын» балабақшасы толығымен компанияның қарауында (балаларды тамақтандыруға және балабақшаны ұстауға қаражат).
2015 жылдың маусым айында «ПетроҚазақстан» компаниясының көмегінің арқасында Қызылорда облысында соңғы балалар үйі жабылды, себебі өңірде жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Отбасылық үлгідегі балалар ауылы пайда болды. Осындай Қазақстан аумағындағы алғашқы жобаға айналған балалар ауылы 80 баланы қабылдай алатын сегіз екі қабатты тұрғын үйден және бір әкімшілік ғимаратынан тұрады. Бүгінде ол үш жастан 18 жасқа дейінгі 57 баланың үйі. Ауылда 25 қызметкер жұмыс істейді және олар оқушылардың ересектер өміріне алғашқы қадамдар жасауына көмектеседі. «ПҚҚР» АҚ балалар ауылының жобалануы мен салынуын қаржыландырды. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге «Көлжан» ЖШС көмек көрсетті, барлық қаражат Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Игілік» корпоративтік қорына аударылды.
2015-2016 жылдары «ПҚҚР» АҚ Қытай Ұлттық Мұнай-Газ Корпорациясы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы келісім аясында Республикалық маңызы бар “Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық хореография академиясы ғимаратын жобалау және салу” жобасының демеушілерінің бірі болды.
2020 жылы еліміз үшін қиын болған пандемия жағдайында Қызылорда өңіріне COVID-19-бен күресте көмек көрсету шаралары аясында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» Қазалы ауданаралық ауруханасында оттегі стансасын орнатуға қаражат бөлді.